Health_time

Басты бетке

                             
Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінде 23.02.2022 жылы 6-сыныптар арасында «Health time» (Уақытты тиімді пайдалану) тақырыбында тренинг өтті.
Тренинг барысында қатысушылар уақыт шығындарының тиімділігіне өзін-өзі бағалауды жүргізуге, уақытты басқару мәселелерін анықтауға, жұмыстың жеке ерекшеліктеріне сәйкес демалыс резервтерін анықтауға үйренді.
⏰Қатысушылар өздерінің кәсіби, жеке мақсаттары мен басымдықтарын түсінді, уақытты жоспарлаудың әдістерін, өзін-өзі ұйымдастыруды ынталандыру және жоспарлардың орындалуын бақылау әдістерін үйренді. Тренинг барысында оқушылардың ынтымақтастаығы мен бірлігін арттыру мақсатында тренинг тақырыбына бағытталған сергіту ойындары ойнатылды.
Оқушылар парламентінің ұйымдастыруымен өткен тренингте 6-сынып оқушыларына арналған лайфхактармен бөлісіп, арнайы әзірленген "Тайм менеджмент"📗 күнделіктерін мектеп парламенті атынан әр оқушыға сыйға тартты.
#өзінөзібасқаруұйымы
#школьноесамоуправоение
#МектепПарламенті

Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінде 24.02.2022 жылы 6-сыныптар арасында «Health time» (Уақытты тиімді пайдалану, II-кезең) тақырыбында тренинг өтті. ⏰Тренинг барысында оқушылар жаңа ақпарат көздерін алып, уақыт тапшылығымен жұмыс жасауды үйренді. «Уақытты не үшін үнемдеу керек?» деген сұраққа жауап алды. ⏰Қатысушылар өздеріне болашаққа деген мотивация алып қана қоймай, ауқымды мақсат қоюды үйренді. Одан бөлек, оқушылар парламенті үлгерім сапасын жақсарту мақсатында жаңа лайфхактармен бөлісті. Тренинг барысында оқушылардың ынтымақтастығы мен бірлігін нығайту мақсатында тренинг тақырыбына бағытталған сергіту ойындары ойнатылды. Оқушылар өз белсенділіктерімен тәнті етті. Оқушылар парламентінің ұйымдастыруымен өткен тренингте 6-сынып оқушыларына арналған лайфхактармен бөлісіп, арнайы әзірленген "Тайм менеджмент"📗 күнделіктерін мектеп парламенті атынан әр оқушыға сыйға тартты.
#өзінөзібасқаруұйымы
#школьноесамоуправоение
#МектепПарламенті