«ҰЛЫЛАР МЕКЕНІНЕ САЯХАТ» тарихи-танымдық экспедициясының маршруттары:
«Алаш астанасы – Семей» 10-14.05.2017 жыл
“Ақтоғай - Алаш арыстарының мекені” 25-27.09.2017 жыл
“Қасиетті, шежірелі Түркістан!” 23.03.-29.03.2018 жыл
“Түркістан екі дүние бесігі ғой...” 19.03. – 23.03.2019 жыл
«Ақжайық - ару мекенім!» 24.03.- 30.03.2019 жыл
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
«ҰЛЫЛАР МЕКЕНІНЕ САЯХАТ» тарихи-танымдық экспедициясы
«АЛАШ АСТАНАСЫ – СЕМЕЙ»
маршруты 10-14.05.2017 жыл
«Ұлылар мекеніне саяхат» тарихи-танымдық экспедициясы өзінің алғашқы сапарын «Алаш астанасы Семей» өңіріне саяхаттан бастады. Саяхат 2017 жылдың 10-14 мамыр аралығында болды. Жас саяхатшылар Абай атындағы тарихи-мәдени және мемориалдық мұражай, Еңлік-Кебек зираты, Жидебайдағы Абай атамыздың зираты мен тұрған үйіне, М.Әуезовтың туған үйіне, Семей өңіріндегі тарихи-өлкетану мұражайы, Алаш арыстары-М.Әуезов мұражайларымен танысты. Сонымен қатар бір ғасырдан астам тарихы бар М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжбен танысып, Алаш арыстарына арналған мұражайда арыстар жайлы тың ақпараттарға қанықты.
«Ұлылар мекеніне саяхат» экспедициясының кезекті сапары 2017 жылдың 25-27 қыркүйек аралығында Алаш арыстары Әлихан Бөкейхан, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермековтердің туған жері Қарағанды облысының Ақтоғай ауылында жалғасты. Ақтоғай жерінде Бөкейхан әулетінің қыстағы «Жекежалда» және «Талдыбейіт» қорымында болып, Әлихан атамыз жайлы тың деректерді тамсана тыңдады. Ақтоғай жеріндегі қола дәуірінің тарихи жәдігері Беғазы-Дәндібай ескерткіштерімен танысты. 1931-1932 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған «Тағзым» алаңы мен өлкетану мұражайындағы мәліметтер жас саяхатшылардың қызығушылығын арттыра түсті.
Ақтоғай өңірінен Астана қаласына қайтар жолда Қарағанды қаласы маңындағы «Долинка» далалық лагеріне бардық. Лагермен танысу барысында тарихтың ащы шындығымен бетпе-бет келіп, сабақ барысында алған білімдерін көзбен көріп, жүрек түкпірінде ұзаққа сақталар оқиғаларға куә болды.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның сакральді жерлерімен танысу үшін Түркістан өңіріне саяхат жасауға оқушылардың сұранысы да өз әсерін берді. Батыс Алаш Орда үкіметі орналасқан Батыс Қазақстан жеріне саяхат жоспары жан-жақты қарастырылды. Халқының еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін күрескен Сырым Датұлы, Жаһанша және Халел Досмұхаммедұлдарының мол мұрасымен танысуға мүмкіндіктер жасалды. Әр саяхат қазақ тарихындағы ірі тарихи оқиғалармен байланыстырылып, жас саяхатшылардың бойына ерекше сенімділік, туған жердің тарихын тереңінен зерттеу-білу, географиялық орналасу картасын, өнер және қоғам қайраткерлерімен де танысуға мүмкіндіктер берді