Директор блогы
Әлихан Бөкейхан мектебінің ресми сайтына хош келдіңіздер!
№76 мектеп-лицейі – ғаламды жақсы жаққа өзгертуге қабілетті көшбасшыларды тәрбиелеуге жағдай жасайтын білім ордасы.
Бүгінгі таңда мектеп-лицейінде 2214 зерделі ұл-қыздар, 183 шығармашыл ұстаз, 4525 қамқор ата-ана бар. Мектеп ұжымында тәжірибелі және жас ұстаздар қызмет етеді. Әсіресе ер азамат ұстаздарымыздың үлесі басым. Біздің командамызда – бір мүдде, бір мақсат!
Педагогикалық ұжым үнемі жаңашылдыққа ұмтылыс үстінде, жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті оқу барысында қолданады, заманауи ақпараттық ресурстарды пайдаланады. №76 мектеп-лицейі ұлтына қызмет ететін, алға ұмтылатын, қиындықтан қорықпайтын, өзіне, арманына сенетін тұлғаларға арналған. Біздің сайтымыздан мектептің, педагогикалық ұжымының жұмыс бағытымен, оқу кестесімен, оқу бағдарламаларымен, мектепті дамыту бағдарламасымен, үйірмелер мен секциялар кестесімен таныса аласыз және кері байланыс үшін қысқа хат қалдыра аласыз. Сайт сізге шынайы мектеп өмірінің атмосферасына енуге, №76 мектеп-лицейі деп аталатын ерекше елдің бір бөлігі ретінде сезінуіңізге көмектеседі деп сенеміз.
Сіздерге деген құрметпен мектеп басшысы Ботакөз Болатбекқызы
Қайырлы күн! Ботагөз Болатбекқызы
Мен бастауыш сынып мұғалімімін 15 жыл пед өтілім,педагог-сарапшымын
2023-2024 оқу жылына бос вакансия болса өтініш мектепке қабылдасаңыз
Қайырлы күн!2023-2024 оқу жылында бала күтіміне байланысты отырған мұғалімнің орнына 1 педагог қабылданды. Қазіргі күні бос вакансия жоқ.
Сафура Сейдуалиқызы, саламатсыз ба! Жаңа 2023-2024 оқу жылына бастауыш сыныптарына орыс тілі пән мұғлімі қажет болса, мен жұмысқа дайынмын.
Сәлеметсізбе !!! Сіздердің мектебіңізде Бастауыш сынып мұғаліміне орын барма? 12жыл пед өтілі.
Магистратураны аяқтадым 2017 жылы. Осы Нұр-Сұлтан қаласының азаматшасымын. Отбасылымын.
Осы жылы бос орын болып жатса орналасуға мүмкіндік болс, орналасайын деп едім. Рақмет!
87029339019
Салеметсіз бе?
Биылғы жаңа оқу жылында бастауыш сынып мұғалімдігіне артық вакансия жоқ, бала күтімінде отырған 2 мұғалім өз орындарына жұмысқа шығуға ниет білдіріп, өтініштерін жазып кетті. Заң бойынша сол мұғалімдерді жұмыспен қамтамасыз етуіміз керек.
Бүгін біздің оқушы Тәттімбетова Ақерке баламыздың 4 «З» сынып жетекшісі, Жұмагүл Төленбайқызының бастауымен ата – аналар жиналысын өткіздік. Жиналыста 1-ші тоқсанның қорытындысын талқылап, баланың тарбиесін, қандай сабақтарға көңіл бөлу керектігіне арнадық. Жақсы мағлұмат алып, болашақта не нарсеге көңіл бөлетінімізді біліп, пайдалы ақпарат алдық.
Шыныменде баланың білімді, тәрбиелі болуы ол тек мұғалімге ғана қатысты емес, бұл жерде ата анадан да байланысты. Сондықтан екі жақтап балаға тарбие мен білім берсек, сенім білдірсек балаларымыз көп жетістікке жететіні шындық. Бүгінгі жиналыс өте пайдалы болды.
Лебізіңізге рақмет!
Саламатсызба менің есім лаура бес балапаның анасымын
Біз тараз қаласынан нұрсұлтан қаласына келдік Аллаға шүкір сіздерге 4балапанымды оқуға тіркедік қуаныштымын сіздерге тіркелгенімізге. Менің сұрайтын екі сұрағым бар еді
Біз тіркедік бірақ аргинал дакумет ертен кешке келеді тараздан оға диін кітап барып алсақ болады ма екінші сурақ мен Асп алам бірақ балдар осы жақта оқуғана баиланысты сіздерден балдарға 40мың сертификат алуға болады диді осы мәселе бойынша кімге хабарласам болады
Қайырлы күн!
Оқулық бойынша сынып жетекшілері балаларыңызды мектепке қабылдау үшін жазған өтінішіңізде көрсетілген байланыс телефоны арқылы хабарласады. Оқулық жеткілікті.
АӘК (АСП) бойынша және әлеуметтік көмек бойынша мектеп-лицейдің әлеуметтік педагогі Аягөз Серікқызына
( +7 (707) 311-86-06) хабарласуға болады.
Қайырлы күн, Сафура Сейдуалиқызы! Алдағы жаңа оқу жылына (2021-2022) математика пәні мұғаліміне бос жұмыс орны бар ма екен? Мен 2020 жыл түлегімін, қазіргі таңда магистратурада(қашықтан,кешкі уақытта) оқып жатырмын. Жұмыс тәжірибем жоқ. Еңбек жолын осы мектепте бастауыма мүмкіндігім бар ма?
Қайырлы күн, Ақбота!
Оқуда сәттілік тілеймін. Түйіндемеңізді shl_76_astana@inbox.ru поштасына жолдауға болады, вакансия болған жағдайда қарастырамыз.
Сәлеметсіз бе, Сафура Сейдуалиқызы! Сіздерге хабарласып отырған себебім, Көкшетау қаласынан көшуіме байланысты жұмыс іздеу үстіндемін, жоғары санатты, 28 жыл еңбек өтілімім бар, биология мұғалімімін сіздерде вакансия болады ма екен?
Қайырлы күн!
Қонысыңыз құтты болсын. Сіздің мамандығыңыз бойынша вакансия жоқ. Түйіндемеңізді http://www.enbek.kz сайтына салуыңызға болады. Бос вакансияларды сол жерге тіркейміз. Сәттілік тілеймін.
Сәлеметсіз бе, Сафура Сейдуалиқызы! Мен Сізді 9-шы наурыз күні “Ашық алаң” хабарынан көріп, нақты да мәнді сөздеріңізге риза болдым. Мен Алматы облысы, Д.Қонаев атындағы орта мектепте 40 жыл бойы ұстаздық қызмет атқардым.
Жақында зейнетке шықтым. Әлі де белсенділігім мен біліктілігім жоғары деп санаймын. Сізді білімді де білікті, тәжірибелі мектеп басшысы ретінде тани отырып, мынадай сұрағым бар еді. Менің мектепте әлі де жұмысымды жалғастыруға құқым бар ма? Мектепте вакансия, бос орын бар.
Қайырлы күн! Пікіріңізге және сеніміңізге рақмет!
Сұрағыңыз бойынша мектеп поштасында көрсеткен байланыс телефоны арқылы кеңірек сөйлесейік.
Еңбегіңіз жемісті болсын!
Қайырлы күн! Сафура Сейдуалиқызы! Мен бейнелеу өнері мұғалімі- Арбабаева Айғаным Төлеуқызы. Қазіргі таңда Spectrum балабақшасында бейнелеу өнерінен сабақ беріп жүрмін. Кеше Шалқар радиосы арқылы сіздің және шәкірттеріңіздің сұхбаттарыңызды тыңдап, керемет әсерде болдым! Керемет білім мен тәрбие беріп жатырсыздар! Елімізде осындай мектептер, оның ішінде сіз сияқты мектеп басшылары, мұғалімдер, шәкірттер көп болғай! Менде осындай мектепте жұмыс жасасам екен деген арманым бар.
Қайырлы күн!
Әлихан Бөкейхан мектебі жайлы жақсы лебізіңізге алғысымды білдіремін.
Өкінішке орай, Сіздің мамандығыңыз бойынша бос жұмыс орны жоқ. Түйіндемеңізді жіберіңіз (shl_76_astana@inbox.ru), бос жұмыс орны болғанда хабарласамыз.
Еңбегіңіз жемісті болсын!
Сәлеметсiз бе, Сафура Сейдуалиқызы? Менiң аты-жөнiм – Әсем Әдiлғазықызы. Қазақ тiлi мен әдебиеті пәнiнiң мұғалімiмiн. Оқу орнын бiтiргелi, 2017 жылдан бастап, орыс сыныптарында сабақ берiп келемiн. Ендiгi мақсатым, Сiз басшылық ететiн лицейде, қазақ тiлдi, рухты балалармен шығармашылық жұмыс жасау. Сiзбен 2018 жылы жолыққанмын, әлi үмiттiмiн. Рахмет. Әсем 87022633144
Қайырлы күн,Әсем! Мақсатыңызға жетуіңізге тілектеспін, сәттілік тілеймін! Бос жұмыс орны болған уақытта хабарласамыз.
Сәлеметсізбе Сафура Сейдуалиқызы. Мен 2020жылғы Жас маман едім , Мектептеріңізде Кәсіптік білім беру мамандығына ваканция бар деп көрдім. ЕҢБЕК жолымды сіздің мектебінізден бастағым келеді. Мені жұмысқа алуыңызды сұраймын
СЕНІМІНІЗДІ АҚТАЙМЫН.
Қайырлы күн! Педагогикалық еңбек жолыңызға сәттілік!
Сіз көрсеткен мамандық бойынша тамыз айында 2 жас маман қабылдадық. Өкінішке орай вакансия жоқ.
Сәлеметсізбе Сафура Сейдуалиқызы. Мектептеріңізде информатика пәнінен ваканция барма екен? Информатикадан жоғары оқу орынын және магистратура бітіргемін. Жұмыс өтілім 7 жыл. Педагог-модератормын. Бос орын болса алуыңызды өтінемін
Қайырлы күн!
Түйіндемеңізді shl_76_astana@inbox.ru және ns@school-lyceum76.kz пошталарына жіберуіңізге болады. 8-775-2533630 (WhatsApp) телефонына xабарласуыңызды сұраймын.
Сәлеметсіз бе, Сафура Сейдуалиқызы!
Дене шынықтыру пәні мұғаліміне бос орын бар ма? Рахмет!
Қайырлы күн!
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі лауазымына бос орын жоқ. Сәттілік тілеймін !
Сәлеметсіз бе, Сафура Сейдуалиқызы! 2020 – 2021 жаңа оқу жылына ағылшын тілі пәні мұғаліміне бос орын бар ма екен? Педагог модератормын. 12 жыл еңбек өтілі бар. Рахмет
Қайырлы күн!
Түйіндемеңізді shl_76_astana@inbox.ru және ns@school-lyceum76.kz пошталарына жіберуіңізге болады. Бала күтіміне байланысты демалыстағы педагогтың орнына уақытша вакансия бар.
Сәлеметсіз бе! Бастауыш білім беру мұғаліміне вакансия бар ма? Мектеп поштасына резюмемді жіберсем, мүмкіндік болса менің кандидатурамды қарап көрсеңізЖас маманмын, бір жылдық тәжірибем бар. Қазіргі таңда жұмыс жасаймын. Бірақ 76 мектеп-лицейінің ұжымның қатарынан табылсам қуанышты болар едімБілгенім мен үйренгенімді көрсетіп, білмейтінім болса тәжірибелі мамандардан үйренуге дайынмын. Рахмет
Қайырлы күн!
Қазіргі уақытта бастауыш сынып мұғаліміне бос жұмыс орны жоқ. Түйіндемені мектептің электронды поштасына (shl_76_astana@inbox.ru және ns@school-lyceum76.kz) жіберуге болады. Жас маман ретінде қызығушылық білдіргеніңізге қуаныштымыз және сәттілік тілейміз.
Саламатсызба. Сіздерде бастауыш орысша сыныптары барма?
Қайырлы күн, Қайрат мырза!
Біздің мектепте оқыту үрдісі тек қазақ тілінде жүргізіледі.
Саламатсызба! Біз қызымызды 2-сыныпқа сіздерге берсек деген едік, орысша сынып тілде бар ма екен?
Қайырлы күн, Қайрат мырза!
Біздің мектепте оқыту үрдісі тек қазақ тілінде жүргізіледі.
Здравствуйте! Почему у вас на сайте школы написано с казахским и русским языком обучения? А вы тут пишите что только казахским? Спасибо
Добрый день, Жулдыз!
В школе-лицей #76 имени Алихана Бокейхана с момента открытия (2014 г.) обучение ведется только на казахском языке. На сайте школы не было информации о том, что обучение на двух языках.
Такая информация есть на сайте аstana-online.kz. Мы направили официальное письмо администраторам данного сайта и надеемся в ближайшие дни откорректируют информацию.
Здравствуйте, есть ли в школе вакантное место учителя начальных классов с русским языком обучения?
Здравствуйте!
У нас школа с казахским языком обучения.
Қайырлы күн! 2020-2021 оқу жылына тарих пәні мұғаліміне бос орын барма?
Қайырлы күн!
Тарих пәнінің мұғалімі лауазымына бос орын жоқ. Сәттілік тілеймін !
Добрый Вечер!
Новом учебном году мы собираемся 1 кл. Рассмотриваем школы по близостей.
Какие условия при поступлении в вашу школу и какие районы могут к вам поступить? (Микроучасти, мы лично проживаем по ул. Сауран 14)
Спасибо!
Добрый день! Прием в школу на 2020-2021 учебный год будет осуществляться с 1 июня по 31 августа. Полную информацию о зачислении можно увидеть на сайте школы-лицея в последней декаде мая текущего года. Прием в школу будет проходить в соответствии с Правилами утвержденным приказом №564 Министерства науки и образования РК от 12.10.2018 г. При зачислении ребенка в 1 класс родитель может выбрать учебное заведение не по месту постоянного проживания, а по удобному маршруту посещения данного заведения ребенком. При принятии ребенка в 1 класс не будет специального тестирования. С Правилами приема в школу можно ознакомиться на сайте школы-лицея в разделе «Прием в школу».
Қайырлы күн!
Мектепке 2020-2021 оқу жылына қабылдау 1 маусым мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі. Мамыр айының соңғы онкүндігінде мектеп-лицей сайтында толық ақпарат беріледі. Мектепке қабылдау ҚР Білім және ғылым министрінің 12.10.2018 ж. №564 бұйрығымен бекітілген ережеге сәйкес қабылданады. 1-сыныпқа қаьылдау тұрғылықты жеріне байланысты емес, ата-ана баласының мектепке бару-қайтуына ыңғайлы жағдайды таңдайды. 1-сыныпқа қабылдау үшін арнайы тестілеу өткізілмейді. Ережемен осы сайттағы “Мектеп-лицей” мәзіріндегі “мектепке қабылдау” бөлімінде танысуға болады
Здравствуйте, я ученик этой школы. Хотел бы поинтересоваться насчёт использования спортзала вне уроков, охранник сказал, что это надо обсуждать с директором – потому и пишу.
Могу приходить в 6 утра ( за час до школы ), а могу и после уроков.
Занимаюсь баскетболом, хочу больше практики, а зимой играть на улице нецелесообразно.
Присутствует весь спортивный инвентарь. Могу поручиться, что во время моего пребывания в зале – ничего не случится ( так как буду использовать его по назначению ).
Понимаю, что моё предложение абсурдно, но надеюсь вы рассмотрите это. Также, если это будет платно, то надеюсь, что цена будет приемлемой.
Қайырлы кеш!
Қазақ тілді мектептің оқушысы ретінде осы өтінішіңізді қазақ тілінде жаза алатыныңызға сенемін!
Мәселені шешуге болады, маған жеке жолығуыңызды сұраймын. Көмектесемін, қолдаймын!
Саламатсызба, кеширим сураймин, енди казакша сойлеймин.
Меним номерим 87058017235
Қайырлы күн! Кездесу барысында өзіңнің сөйлеу мәдениетіңе, спортқа деген құлшынысыңа риза болдым. Алға! Осы жолыңнан адаспа!
Сәлеметсіз бе? Мектептеріңізде ақылы қосымша сабақтар мен үйірмелер бар екенін естідім. Сол үйірмелердің жетекшілері сіздің мектептерініздегі мұғалімде ме әлде сырттан келген жетекшілер ме? Екінші сұрағым мектепте Музкалық мектептердің немесе Өнер мектептерінің филиалдары бар ма? Жоқ болса жоғарыда аталған мектептердің филиалдарын ашуға жоспарыңыз бар ма? Жоспарда болса қашан? Жоспарда болмаса неге? Рахмет
Саламатсыз ба? Мектепте ақысыз және ақылы қосымша үйірмелер жұмыс істейді. Ол үйірмелерде өзіміздің мектептің мұғалімдері сабақ береді. Мектептегі оқушы санының көп болуына байланысты оқу кабинеттері жеткіліксіз. Сондықтан музыка мектептері мен өнер мектептерінің филиалдарын ашуға мүмкіндік жоқ.
Жоғарыда айтылған тегін және ақылы үйірмелер екі ауысымның ортасында босаған негізгі оқу кабинеттерінде оқытылады. Мүмкіндік болмағандықтан филиалдар ашу жоспарымызда жоқ.
Добрый день! Скажите пожалуйста если ребенок освобожден от урока физ. культуры, он обязан посещать это урок?
Добрый день!
Если физкультура в расписаний стоит первым или последним уроком, то разрешаем не посещать. А если же урок стоит в середине расписания, то в целях безопасности, учащийся должен находиться рядом с учителем, т.е. в спортзале. Также допускается посещение библиотеки во время урока физкультуры, но только поставив учителя в известность.
Спасибо
Сəлеметсіз бе!Химия пəні мұғаліміне бос орын бар ма?
Сәлеметсіз бе! Химия пəні мұғаліміне бос жұмыс орны жоқ. Сәттілік тілеймін.
Сәлеметсіз бе! Бастауыш сынып мұғалімі вакансиясы бар ма?
Сәлеметсіз бе! Бастауыш сынып мұғаліміне бос жұмыс орны жоқ. Сәттілік тілеймін.
Добрый день!
Есть ли вакансия учителя английского языка? Пед стаж 27 лет, категория высшая, педагог исследователь.
Добрый день!
К сожалению, по английскому языку вакантных мест нет. Удачи Вам!
15 августа с 9.30 до 13.00 во дворце “Жастар” планируется ярмарка вакансии, для сведения.
Сафура Сейдуалиқызы сәлеметсіз бе! Сіз және мектебіңіз жайлы сайттан, комментарийлерден оқып мектебіңізге тәнті болып отырмын. Математика пәні мұғалімі вакансиясы бар ма?
Қайырлы күн! Мектеп-лицей ұжымына деген жақсы пікіріңізге рахмет! Өкінішке орай, математика пәнінің мұғалімі бойынша бос жұмыс орны жоқ.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сізге сұраныс болатынына сенемін және сәттілік тілеймін.
Сафура Сейдуалиқызы сәлеметсізбе! Менің атым Алмагул. Мен Косшы аулынан Туркістан 14 а үйге көшіп келдім. Уйді басынан бастап унаған мектебіміз жанын издеген болатынмын. Балам оқу үздігі, Караэтэ Киокушинкайдан Астана каласы бойынша 1 ші дан, сары белбеу арасында 2019 ж. чемпион болды. Сіздің мектепке үйіміз жақын, рейтинг бойынша біздін талғамымызға сайсыздар. Бірақ біздің үй 85 мектепке қарайды екен. 76 мектепке қалай ауысуымыз керек. Түсіндіре кетсеніз.
Қайырлы күн, Алмагул!
Мектеп-лицейдің қызметі жөніндегі жақсы пікіріңіз үшін алғысымды білдіремін.
Мектепке қабылдау ҚР Білім және ғылым министрінің 12.10.2018 ж. #564 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Сіздің балаңызды мектепке қабылдау мүмкіндігін қарастыру нешінші сынып оқитынына байланысты. Егер, балаңыз қабылдануы тиіс сыныпта бос орын болса, өтініш негізінде қабылданады. 8-775-2533630 телефонына xабарласуыңызды сұраймын.
Жауабыңызға рахмет!
Сәлеметсіз бе, Сафура Сейдуалиқызы! Мектебіңіздің осындай тамаша сайты мен өзіңіздің жеке блогыңызды көріп қуанып отырмын. Біз жақында Ақтау қаласынан Нұр-Сұлтанға көшіп келген едік. 1-сыныпты бітірген ұлым мен енді бірінші сыныпқа баратын баламды сіздің мектебіңізге бергім келеді. 2-сыныпқа бала қабылдайсыздар ма? Ол үшін қандай құжаттар әкелуім керек? Рақмет!
Қайырлы күн, Мейірмангүл! Біздің сайтқа қош келдіңіз!
Мектеп-лицейге қабылдау 1 маусымда басталған және 31 тамызға дейін жалғасады.
Қабылдау комиссиясы дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-18.30 аралығында жұмыс істейді. Түскі үзіліс сағат 13.00-14.30 аралығында.
Байланыс телефоны: 76-86-09. Мекенжайы: Түркістан көшесі 10/1, №111 кабинет
Мектепке қабылдау туралы толық ақпаратпен мектеп-лицей сайтындағы «мектеп-лицей» мәзірінде «мектепке қабылдау» парақшасынан таныса аласыз. https://www.school-lyceum76.edu.kz/?page_id=3862
1-сыныпқа тіркелуді e.astana.kz порталында онлайн режимде де іске асыра аласыз.
Здравствуйте, я по такому вопросу, В астане живёт брат, а родителии в другом городе смогу ли я жить у брата и учиться в вашей школе? опекуном будет брат
Добрый день!
Прием в школу осуществляется согласно «Типовым правилам приема на обучение в организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования» (Приказ МОН РК №564, 12.10.2018 г.).
Прием в 2-8 и 10 классы осуществляется с обеспечением доступа обучающихся, проживающих на территории обслуживания организации образования (пункт 11).
Прием в 10-11 классы осуществляется с обеспечением доступа обучающихся, проживающих на территории обслуживания организации образования, и на заявления родителей или иных законных представителей, а также наличия документа государственного образца об основном среднем образовании (пункт 12).
Вы сможете обучаться в школе-лицей №76 в том случае, если брат имеет подтверждающий документ опекуна (опекунство оформляется органом опеки при акимате города где проживает опекун) Информация о приеме в школу: https://www.school-lyceum76.edu.kz/?page_id=3862
Добрый день! Хотела перевести ребенка в эту школу. Подскажите пожалуйста какие документы нужно приносить или все электронно, слышала, что школы документы сами перенаправляют. Пожалуйста скажите что нужно иметь с собой, чтоб не бегать и не отпрашиваться с работы несколько раз. До какого числа лучше сдать документы и определить ребенка. Заранее спасибо.
Қайырлы күн, Баян!
Мектепке қабылдау 1 маусым мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі. Қабылдау комиссиясы дүйсенбі мен жұма күндері сағат 9.00-18.30 (сағ. 13.00-14.30 түскі үзіліс) аралығында жұмыс істейді. 1-сыныпқа қабылдау e-astana.kz электронды жүйесі арқылы іске асады.
Құжаттар тізімі:
1. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі
2. 3х4 өлшемді 2 фотосурет
3. 026-у нысандағы денсаулық паспорты (түпнұсқа)
4. 063-у нысандағы екпе картасы(түпнұсқа)
5. Ата-анадан немесе заңды өкілден өтініш (электронды өтініш беруде қажет емес)
Электронды өтінішті мектепке келмей-ақ беруге болады. Жоғарыдағы құжаттарды сканерлеп, электронды жүйеге тіркейсіз. Қабылдау комиссиясы электронды өтінішті қарап, қабылдау туралы шешімді Сізге хабарлағаннан кейін 31 тамызға дейін құжаттардың қағаз нұсқасын мектепке өткізесіз. Сыныптарға жинақтау 25 тамыздан кейін болады.
Қабылдау бойынша ақпарат алу үшін 3 маусымнан бастап 57-65-83 және 76-86-09 телефондарына хабарласуға болады.
Добрый день, Баян!
Прием детей в школу производится с 1 июня по 31 августа текущего года. Приемная комиссия будет работать с понедельника по пятницу включительно с 9.00 до 18.30 (с 13.00-14.30 обеденный перерыв) ч. Прием детей в 1-ые классы будет осуществляться через электронную систему e-astana.kz.
Перечень документов:
1. Копия свидетельства о рождении ребенка
2. Фотография в размере 3Х4
3. Паспорт здоровья форма-026 (оригинал)
4. Прививочная карта форма -063 (оригинал)
5. Заявление от родителя или законного представителя (при электронной подаче нет необходимости).
Электронное заявление можно подавать не приходя в школу. Вышеуказанные документы просканировав, нужно зарегистрировать в электронной системе. После рассмотрения приемной комиссией Вашего заявления и решения о приеме в школу, нужно до 31 августа сдать в бумажном варианте указанные документы.
Начиная с 3 июня 2019 года для получения сведений о приеме в школу можно связаться по телефонам 57-65-83 и 76-86-09
Добрый день! Можно узнать о вчерашнем замыкании проводов, хотелось бы уточнить была ли заявка с Вашей стороны в органы чрезвычайной ситуации? Хотелось бы надеяться, что ребенок находится в полной безопасности
Здравствуйте. Пожар в гардеробной на третьем этаже не произошел из-за короткого замыкания проводов. Воспламенение произошло из-за перегрева подключенного зарядного устройства к телефону, который был в кармане куртки одного из учеников. В результате которой загорелась куртка. Воспламеневшую куртку мы потушили собственными усилиями, и по данному случаю были оповещены соответствующие органы.
Безопасность обучающиxся – одна из приоритетныx направлении в работе школы. И это направление всегда на контроле со стороны администрации и служб черезвычайныx ситуации.
Салеметсиз бе Сафура Сейдуаликызы?! Сизди келе жаткан 8 Наурыз мерекесимен куттыктаймын! Менде сизге деген отинишим бар, мугалимдер акша жинауды догарса. Ата-аналар арасында мугалимге жакын бир ата-аналар хатшысы болып тагайындалып, мугалимнин не калайтынын биздерге жеткизип отырады. Жыл басынан бирнеше рет акша жиналды, енди агаш отыргызу, корме откизуге, мугалимге ар мейрам сайын жане де туган кунин есептемегенде. Сиздин сол мекеменин басшысы ретинде осы суракка нукте коярсыз деген ойдамын. Осы жайттар токтатылса.
Қайырлы күн! Құттықтау үшін алғысым шексіз және Сізді де наурыз айындағы мерекелермен құттықтаймын.
Сіздің өтінішіңіз бойынша өзіңіз көрсеткен сыныптағы мұғаліммен және ақша жинауға себепкер болған ата-анамен әңгіме жүргізілді, хаттамаланды. Ата-аналар тарапынан жиналған ақша жөнінде мұғалім хабарсыз. Ата-ана комитеті деген мүлдем тоқтатылған. Мұғалімнің атынан бір ата-ананың әрекет еткені белгілі болды. Сыныптағы балаларыңызға арналған қоғамдық, тәрбиелік шараларға барлық ата-ана бірдей деңгейде араласа алады, хатшы, комитет дегендердің ешқандай күші жоқ. Ақша жинаған ата-ананың айтуынша 8-наурызға қыздарға сыйлық алуға және 22-наурызға әр оқушыға ою сатып алу үшін ақша жинау туралы бастама көтерген және көпшілігі қолдаған. Ата-анаға заңсыз жинаған ақшаны әр ата-анаға қайтару керектігі ескертілді.
Астана қаласы білім басқармасының 28.08.2018 ж. «Ата-аналардан заңсыз ақша жинауға тыйым салу туралы» №479 Бұйрығы және мектеп-лицей директорының 31.08.2018 ж. «Ақша жинауға тыйым салу туралы» №212 Бұйрығымен барлық педагогтар және ата-аналар танысқан. Аталған Бұйрықтардың көшірмелері мектеп-лицей сайтында, ата-аналарға арналған ақпараттық тақтада орналастырылған.
Қазан айында «Отбасымен ағаш егейік» акциясы ұйымдастырылды. Акция ақша жинауды қажет етпейді, отбасымен ағаш егуді өз шешімдерімен қалаған отбасылар қолдады. Әр отбасы ағашты өздері әкелді. Күзде үлгермеген отбасыларға көктемде егуге мүмкіндік бар. Бірақ, бұл – әр отбасының ерікті шарасы, ешқандай мәжбүрлеу болмайды.
Экологиялық семинар шеңберінде қатты қалдықтардан жасалған заттардың көрмесі болды. Оған да ақша жинау қажет болған жоқ, тек қалдық заттар жиналды. 1 наурызда қолөнер жәрмеңкесінде оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар өздері қолдан жасаған, тіккен, тоқыған бұйымдарын сатты.
Сіз көтерген мәселе бойынша тыйым салу шаралары мектеп тарапынан жүйелі, қатаң бақылауда. Сондықтан ЕШКІМГЕ ЕШҚАНДАЙ АҚША БЕРМЕҢІЗ! Бұл мәселе ата-аналар арасында тағы да көтерілсе, менің байланыс телефоныма (87752533630) хабарласуыңызды немесе өзіме тікелей келуіңізді сұраймын. Мен Сізді қолдаймын және осы мәселені көтергеніңізге ризашылығымды білдіремін.
Уважаемая Сафура Сейдуалткызы!
От жильцов ЖК Олимп Палас-2 большая просьба воздержаться от установки колонок в окна вашей школы и трансляции музыки на такой громкости, что детки в ЖК просыпаются во время полуденного сна, а родители на игровой площадки ЖК не слышат друг друга.
Не далее как сегодня (6 октября 2018г) ситуация повторилась примерно с 10:00 до 13:00.
Телефон в вашей приемной не отвечал.
Это нарушает покой жильцов в выходной день, а главное лишает малолетних детей необходимого дневного сна.
Надеюсь на Ваше понимание и решения этого вопроса без письменных жалоб в МОН и УО г.Астаны.
С/у
Здравствуйте, просим прощения, если нами были созданы неудобства. Школьные мероприятия (спортивные, экологические акции) организованные во дворе школы предполагают музыкальное сопровождение.
6 октября 2018 года была проведена во дворе школы очередная экологическая акция сопровождаемая музыкой с 10.00 до 13.00 часов. Большинство мероприятий в школьном учреждении включая, подобные акции проводятся в дневное время, следовательно, покой жителей близлежащих домов в вечернее и ночное время мы не нарушаем. Кроме того, общегородские и общешкольные экологические, спортивные акции требующие музыкального сопровождения происходят крайне редко.
Сәлеметсіз бе?! Сіздерге ыңғайсыздық тудырсақ, кешірім сұраймыз.
Мектеп ауласында ұйымдастырылатын мектепішілік шаралар (спорттық, экологиялық акциялар) музыкамен сүйемелденеді.
6 қазандағы экологиялық акцияда музыка мектеп ауласында шараның өтілу жоспарына сай сағат 10.00-13.00 қойылды. Балаларға арналған мекемеде көпшілікті қамтитын мұндай акциялар күндізгі уақытта болады және көрші тұрғындардың кешкі, түнгі тыныштығын бұзбаймыз.
Музыкамен сүйемелдеуді қажет ететін жалпықалалық немесе жалпымектепішілік экологиялық, спорттық акциялар жиі болмайды.
Құрметті ұстаздар сіздерді шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Ұзақ өмір, қажымас қайрат, таусылмас бақыт, зор денсаулық, талмас қанат тілейміз!!!
Қайырлы күн!
Мұғалімнің еңбегіне деген құрметіңізге рақмет!
Құрметті ұстаздар қауымы сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.Орынгүл Қабдолқызы сізге жұмысыңызға жеміс тілеймін.
Қайырлы күн!
Мұғалімнің еңбегіне деген құрметіңізге рақмет!
Сәлеметсіз бе! Жоғары білімді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Санатым – жоғары. Жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өткенмін. ПШО-да үш айлық І деңгейлі «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы » атты курсты 2017 жылы бітіргенмін. Республикалық, халықаралық, қалалық жетістіктерім бар. Сіздерде орын бар ма?
Сәлеметсіз бе! Өкінішке орай, Сіз сұраған мамандық бойынша бос жұмыс орны жоқ.
Кәсіби деңгейі жоғары маман екеніңізді бағалаймын және сәттілік тілеймін!
Здравствуйте, хотела предложить Вам рассмотреть несколько вопросов:
1. предусмотреть в школе на физкультуре занятия с лыжами и на коньках (зимой), а также большой теннис
2. переноса занятий к соответствии с переносом рабочих дней, так, в майские праздники переносились рабочие дни понедельника на субботу, при этом дети должны ходить в школу в обычном режиме. Учитывая что на праздники семьи зачастую уезжают в другие города, ребенку приходится пропускать занятия в перенесенные дни.
Здравствуйте, Жанар!
1) Обучение по физической культуре проводятся в соответствие утвержденной программе. Спортивная площадка нашей школы располагает возможностью заниматься ходьбой на лыжах, кроме того, в программе 5-11 классов предусмотрен данный вид спорта. Территория школы располагает возможностью организации катка для катания учащихся на коньках в свободное от учебы время, на будущий учебный год планируется залитие катка. В будущем, также, можно рассмотреть вопрос об оснащении теннисного корта, возможно этот вид спорта представим вам, как один из видов секции.
2) В соответствие Уставу школы-лицея и правилам внутренней трудовой дисциплины утверждена шестидневная трудовая неделя. В связи с тем, что суббота для нашего учреждения не является выходным днем, то нужно заметить, что Постановление Правительства распространяется для учреждений работающиях в пятидневном рабочем режиме. В субботу для учащихся 9 – 11 классов, а также, дополнительные уроки проводятся согласно утвержденному расписанию. Данный вопрос был рассмотрен и согласован на собрании с представителями от родителей 82-х классов и членами попечительского совета.
Сәлеметсіз бе, Жанар!
1) Дене шынықтыруды оқыту бекітілген бағдарламаға сәйкес іске асады. Бағдарламада 5-11 сыныптарда шаңғы тебу қарастырылған және меетептің спорт алаңында тебуге мүмкіндік бар. Коньки тебуге мектеп ауласына мұзайдын жабдықтап, сабақтан бос уақытта конькимен сырғанауға жағдай жасау үшін келесі оқу жылына жоспар жасалды. Теннис кортын жабдықтау мәселесін алдағы уақытта толық зерттеп, спорттық секция түрінде ұсынуға мүмкіндіктерді қарастырып көрейік.
2) Мектеп-лицейде Жарғыға және “ішкі еңбек тәртібі ережесіне” сәйкес алтыкүндік жұмыс бекітілген. Сенбі біз үшін демалыс болып есептелмейді. Үкіметтің Қаулысы бескүндік жұмыс режиміндегі мекемелер үшін. Сенбіде 9-11 сыныптар мен қосымша сабақтар кестеге сәйкес өтеді. Бұл мәселе 82 сыныптан келген ата-аналар және қамқоршылылық кеңесінің мүшесі қатысқан жиналыста талқыланған болатын.
Здравствуйте, хотела бы предложить расширить зону до турникета. Очень тесно не удобно переодеваться детям и даже ждать родителям, ведь площадь позволяет. Спасибо за понимание.
Здравствуйте, Асель!
Для расширения зоны до турникета нет возможности. Если расширить зону для родителей, тогда сузится зона для учащихся, что в свою очередь создаст неудобства при передвижении во время перемены, входа и выхода учащихся, Учащимся разрешено переодеваться после прохождения турникета, а перед гардеробной предусмотрены специальные лавочки. На следующий учебный год планируем открыть дополнительный вход для старшеклассников.
Сәлеметсіз бе, Асель!
Турникетке дейінгі орынды кеңейтуге мүмкіндік жоқ. Оқушыларға киімдерін турникеттен өткеннен кейін ауыстыруға рұқсат берілген және гардеробтың алдында арнайы орындықтар қойылған. Ата-аналар үшін орынды кеңейткен жағдайда, оқушыларға арналған орын тым тарылып кетеді және оқушылар сабаққа келген, кеткен уақыттарда, үзілістерде қиындық туындайды. Келесі оқу жылында жоғары сыныптар үшін қосымша есік ашу жоспарлануда.
Салеметсиз бе. Мне очень нравится ваша идея с дополнительным образованием для детей, за вознаграждение. Только в современное время из-за занятости на работе очень затруднительно прийти на подписания договора в рабочий день до 17:00. Неужели нельзя отправить договор на ознакомление по электронной почте, или через ребенка, как вы делаете, когда отправляете другие документы. Я думаю вы поймете меня и пойдете на встречу в решении данного вопроса.
Здравствуйте, Майра!
Вы можете скачать и ознокомиться с договором на обучение по платным дополнительным образовательным услугам на сайте нашей школы (раздел «Педагогикалық процесс», страничка «Ақылы қызмет»).
Подробную информацию о расписании дополнительных занятий и свободных мест в группах можно получить по телефонам 576583 (приемная), 576319 (вахта).
Сейчас оформляются договора с родителями. Необходимые документы для открытия специального счета по платным дополнительным образовательным услугам находятся на рассмотрении в Управлении образования г.Астаны. Об открытии счета родители будут оповещены.
Сәлеметсіз бе, Майра!
Сіз ақылы қосымша білім беру қызметін оқытуға келісімшартпен мектеп-лицей сайтының «Педагогикалық процесс» бөліміндегі «Ақылы қызмет» парақшасынан жүктеп алып, таныса аласыз.
Қосымша сабақтардың кестесін және топтардағы бос орын туралы білу үшін қабылдау 576583 (қабылдау бөлмесі), 576319 (вахта) телефондарына хабарласуыңызға болады.
Қазіргі күні ата-аналармен келісімшарттар жасалуда. Ақылы қызмет ақысын төлеу үшін арнайы есепшот ашуға қажетті құжаттар Астана қаласының Білім басқармасына өткізілді. Есепшот ашылғаннан кейін Сіздерді хабардар етеміз.