Мектепке қабылдау

Басты бетке

Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі

Дүйсенбі-Жұма

9.00 - 18-30

Түскі үзіліс

13.00 - 14-30

Құрметті, ата-аналар!

1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүргізіледі.

1-сыныпқа 6 жастағы және 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін 6 жасқа толатын балалар қабылданады. 1-сыныпқа қабылдау egov.kz электрондық үкімет веб-порталы және мектепте қағаз түрінде жүзеге асырылады.

Қандай құжаттар қажет?
- Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады);
- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны);
- Егу паспорты (063/у нысаны);
- 2 дана баланың суреті (3*4 өлшемді).

Астана қаласы Білім басқармасының 25.03.2023 жылғы №186 бұйрығы негізінде біздің мектеп-лицейге қарасты мекенжайлар тізімі көрсетілген.

                      

1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ БОЙЫНША БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БҰЙРЫҒЫ

9-СЫНЫПТЫ БІТІРГЕН ОҚУШЫЛАР ҮШІН ЖАДЫНАМА

БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМНІҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРАТЫН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУДЫҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ

БҰЙРЫҚ