«Кітапland» жобасы
Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын арттыруға, ойлау қабілеттерін жетілдіруге, рухани өсуіне жағдай жасайтын оқу кеңістігін құру.
Күтілетін нәтиже:
Егер белгілі бір кітаптарды оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер оқыса, онда:
-ортақ пікір, ортақ көзқарас қалыптасады;
-оқушының дүниетанымының дамуына екі жақты (мектеп пен отбасынан) қолдау жасалады;
-өзара белсенді қарым-қатынас қалыптасады;
-жобаға қатысушылардың сауаттылығы артады;
-оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігі, дәлелді ой айту қабілеттері артады.
Қысқаша сипаттамасы:
«Апта оқушысы» жобасының шеңберінде өтетін кездесулерде оқыған кітап желісінде талқылау жүргізіледі. Әрбір тоқсанда оқушылар мен ата-аналар үшін оқыған кітаптың желісінде шаралар ұйымдастырылады: конференция, марафон, диалог алаңы, ашық микрофон, суреттер галереясы, сахналық қойылым, театр-экспромт, ауызша журнал, эссе, т.б.
Қатысушылар: Мектеп-лицей оқушылары, ата-аналар, мұғалімдер.
Жоба шеңберінде оқуға арналған көркем шығармалар тізімі