Жаңалықтар


05 қараша 2024 жылы Әлихан Бокейхан атындағы N76 мектеп лицейда « Инклюзивті оқытудың өзекті мәселелері: түсіну, қолдау, тәжірибені өзгерту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Сейдеш Ботакөз Болатбекқызы, Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицей директоры “Инклюзияны қолдау кабинетінің жұмысы бойынша шолу» жасады. Касимова Дина Амангельлиновна директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ППҚ қызметінің жұмыстарына тоқталып өтті. Осы орайда
“ЕБҚ бар мектеп жасындағы балаларды жалпы мектеп жағдайында ұйымдастыру және қолдау" Гусманова Сауле ПМПК №4, логопед, дефектолог;

”Жалпы білім беретін мектепте ЕБҚ бар балалармен жұмысты ұйымдастыруда мұғалім-дефектологтің қызметі" Муралинова Гаухар Толеуовна ПМПК №4, дефектолог;

”Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудегі педагог-психолог рөлі» Күдер Гүлназ Серікқызы ПМПК №4, педагог-психолог;
”Жалпы білім беретін оқу жоспарларын бейімдеу немесе жеке оқу жоспарлары мен бағдарламалары»
Абылкасымова Назым Уйсенбековна қала мектептерінің арнайы мамандарына қажетті ақпараттармен бөлісті.

Іс-шара соңында келген қонақтармен психологиялық тренингті арнайы мектеп психологтары Саркина Ж.А., Қуандық М.Т.
арнайы педагог Атығай Ж.С., логопед Баимбетова Д.А. өткізді.
ЕБҚ оқушылардың пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері арнайы мамандарға сұрақ қойып, жауаптарын алып , тиімді кері байланыс болды.


"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру, сынып жетекшілерінің педагогикалық шеберлігін арттыру және шығармашылық әлеуетін іске асыру, әлеуметтік мәртебесін көтеру мақсатында өткен Республикалық “Үздік сынып жетекші” байқауының қалалық кезеңінде әріптесіміз Ләзатова Аида Мұратқызы Республикалық “Үздік сынып жетекші” байқауының жүлделі ІІІ орын иегері марапатталып, республикаға жолдама алған болатын. Республикалық "Сынып жетекші - 2024" байқауына қатысып, "Шабыттандыратын тәлімгер" номинациясын алып, тәжірибе алмасып қайтты. Құттықтаймыз.


Әлихан Бөкейхан атындағы ✓76 мектеп -лицейдің KITAPLAND алаңында 2 “А” және 2 “В сыныптары арасында “Республикам-мақтанышым” атты патриоттық сағаты болып өтті . Кітапханада "Менің елім-Қазақстан" атты кітап көрмесіне шолу жасалды.Шара барысында оқушылар Қазақстан ,Отан туралы өлең- тақпақтар , мақал - мәтел, "Қазақстан" атты сөзжұмбақ шешіп, рәміздерге арналған пазылдар құрастырып, топпер арқылы қызықты ойындар ойнап көңілді шараға қатысты.Оқушыларға ұлттық мерекенің маңыздылығын ерекше әдіс-тәсілдері арқылы жетткізгендері үшін сынып жетекшілер Бакитова Гүлнұр Дүйсенқызы, Момбек Айсауле Есенгелдіқызына алғыс айтамыз.


Бүгін мектебімізде 3-6 сынып оқушылары арасында мектепішілік “Алтын сақа” математикалық олимпиадасының марапаттау рәсімі өтті.
Астана қаласы Зерделі ақыл-ой дамыту орталығының директоры - Жұмаш Сайран марапттау рәсіміне қатысты.
Олимпиаданың мақсаты: Математика пәні бойынша қабілетті оқушыларды анықтап, қызығушылықтарын арттыру.
Мектепішілік кезеңнен жоғары ұпай жинап, олимпиаданың аудандық кезеңіне жолдама алды.
Оқушыларға сәттілік


Улы газдан сақ болыңыздар

5.09.2024 ж. күні Ә.Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты Қазақстан халқына Жолдауы ұстаздар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Құрметті 5-6 сынып қыздарының ата-аналары! Сіздерді 11.09.2024 ж. күні сағ: 18:00-де болатын жиналысқа шақырамыз. Күн тәртібінде: 1. Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігінің АПВ (Адам папилломасы вирусы)-ға қарсы вакцинациялау қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстары. Дәрігер Садвакасова Дана Кайыргельдиновна

Ішкі істер министрлігі терроризм актісі туралы жалған хабар берген үшін жауапкершіліктің болатынын еске салды

ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ.

02.09.2024 жыл.
Әлихан Бөкейхан атындағы #76 мектеп-лицейі педагогикалық ұжымы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫн тыңдады.
Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылды. Мемлекет басшысы экономика, денсаулық, білім және тағы басқа салалар бойынша негізгі мәселелерге тоқталып, дамудың басымды бағыттарын айқындады.

Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейі
1 қыркүйек Білім күнінде «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиыны өтті. Биылғы оқу жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл және мектебіміздің 10 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Биыл 176 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады. Мектеп директоры Ботагөз Болатбековна бүлдіршіндерді, ата-аналарды, ұстаздарды білім мерекесі, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Салтанатты жиында Астана қаласындағы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы Культуманова Айнұр Төлегенқызы және «Қамқоршылық кеңес» төрағасы Қарабаев Мұрат Қалиевич жас бүлдіршіндерге сәттілік тіледі. Биылғы жыл мектеп ұжымы үшін толағай табыстарға толы жыл болсын.

«Digital Kazakhstan: жаңа
замандағы білім беру»
Биылғы педагогтердің басын қосқан шара халықаралық саммит форматында өтіп, цифрландыруға және “Біртұтас тарбие”
бағдарламасына арналды.
“Цифрлық білім берудің болашағы”
тақырыбында көрме
ұйымдастырылып, “жасанды интеллект” тақырыбы жан-жақты қозғалды. Елорданың бірқатар педагогтері ерен еңбектері үшін Оқу-ағарту министрінің қолынан төсбелгілермен марапатталды.
Әлихан Бөкейхан атындағы #76 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі, педагог-шебер Смагулов Ерсланбек Қуанышбекұлы ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі мен сапалы білім беруде аянбай еңбек еткені үшін “Ыбырай Алтынсарин” төсбелгісімен марапатталды! Марапатыңыз құтты болсын, Ерсланбек Қуанышбекұлы!


Мектеп формасына қойылатын талаптар!

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес:

Ұлдардың мектеп формасы:

пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Қыздардың мектеп формасы:

пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Сондай-ақ, мектептің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес бағалы әшекейлер тағуға, талапқа сай келмейтін киімдер киюге рұқсат етілмейді.


«Kids EXPO. Балалар әлемі» балалар тауарлары жәрмеңкесі.

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді жаңа оқу жылы қарсаңында EXPO халықаралық көрме орталығында өтетін балалар тауарлары жәрмеңкесіне шақырамыз.

Жәрмеңке тақырыптары:

  • Білім
  • Хобби
  • Демалыс
  • Балалар мәдениеті (журналдар, кітаптар және музыка)
  • Ойын әлемі (ойыншықтар, ойындар және қолөнер)
  • Балалар сәні мен киімдері
  • Керек-жарақтар мен аксессуарлар
    Және тағы басқалар!

16-18 тамыз
EXPO халықаралық көрме орталығы


Құрметті АТА-АНАЛАР, ОҚУШЫЛАР! Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін САҚТАЙЫҚ!
Сіздерге ұсынамыз:
- Орманда өзіңді ұстау ережелері;
- Судағы тәртіп ережелері;
- Қауіпсіз терезелер;
- Өрт кезіндегі тәртіп ережелері;
- Даладағы тәртіп ережелері.
Мұқият оқып, өз өмірімізге қауіп төндірмейік. Жазғы демалыстарыңыз жақсы өтсін.


Әлихан Бөкейхан атындағы №76мектеп-лицейіне” 1-сыныпқа құжат тапсырған ата-аналардың назарына! Мектебімізде маусым, шілде, тамыз айларында 2024-2025 оқу жылында 1-сыныпқа баратын оқушыларға арналған “Балақайлар мектебі” қысқа мерзімді курстары ұйымдастырылады.
Курстың мақсаты: «Балақайлар мектебі» курстарын ұйымдастыру мектепке дейінгі ұйымнан мектепке көшу кезіндегі сабақтастық, табысты бейімделуді қамтамасыз ету.

Жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма күндері аралығында күніне 3 сабақтан
Сабақтың ұзақтығы: 25 минут
Сабақ уақыты: 9.00 - 10.40

Сабақ арасындағы үзіліс 5минут, екінші сабақтан соң жеңіл тамақтанып алуға үзіліс – 20 минут. Мектепте балалар ұйықтамайды, оқыту тегін.

Қосымша сұрақтар бойынша 57-65-83 телефон номеріне хабарласа аласыздар.


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарын атындағы Ұлттық білім академиясының 2023-2024 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдары, білім беру сапасын арттыру, білім алушылардың, оның ішінде үлгерімі төмен оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында 1-8,10-сынып білім алушыларына 2024 жылдың 27-31 мамыр аралығында жазғы мектеп ұйымдастырылуда.


Ә.Бөкейхан атындағы 76 мектеп -лицейінде 1-маусым “Балаларды қорғау күні” мерекесі қарсаңында балаларды жазғы сауықтыру лагерінің ашылуы болады. І кезең 03.06-14.04.2024 ж.аралығында болады. Лагерь төмендегі бағыт бойынша жүреді.
✍️Бастауыш сыныптардың жазғы мезгілдегі сауықтыру лагері 1-4 сыныптар;
✍️Профильді лагерь;
✍️Этнолагерь;
✍️Археологиялық лагерь.
Құрметті ата-аналар балаларыңыздың уақытын тиімді, пайдалы өткізу үшін мектептегі жазғы лагерьге қатысуға ықпал етіңіздер.


Ә.Бөкейхан атындағы 76 мектеп -лицейінде 1-маусым “Балаларды қорғау күні” мерекесі қарсаңында балаларды жазғы сауықтыру лагерінің ашылуы болады. І кезең 03.06-14.04.2024 ж.аралығында болады. Лагерь төмендегі бағыт бойынша жүреді.
✍️Бастауыш сыныптардың жазғы мезгілдегі сауықтыру лагері 1-4 сыныптар;
✍️Профильді лагерь;
✍️Этнолагерь;
✍️Археологиялық лагерь.
Құрметті ата-аналар балаларыңыздың уақытын тиімді, пайдалы өткізу үшін мектептегі жазғы лагерьге қатысуға ықпал етіңіздер.


25.05.2024 Әлихан Бөкейхан атындағы білім шаңырағымызда түлектеріміздің «Мектебім, саған мың алғыс!” атты салтанатты жиын өтті. Мерекелік жиынға 143 түлек қатысты. Оның ішінде 2 алтын белгі үміткері, 14 үздік аттестат иегерілері және шет елдік униветситеттердің, Назарбаев университетінің грантын жеңіп алған оқушыларда бар. Тарихи сәтте мектеп директоры Сейдеш Ботагөз Болатбекқызы, Қамқоршылық Кеңес төрағасы Қарабаев Мұрат Калиевич пен ата-аналар түлектерге ақ жол тіледі. Астана қаласы Білім басқармасы “Астана дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы “Qabilet” кәсіби бағдарлау қызметі бөлімінің басшысы Карибеков Нұрперзент Жанабайұлы салтанатты іс-шараны құттықтау сөздерімен ашып, оқушылар мен ата-аналарға тілек білдірді. Жиын барысында түлектер ән шырқап, би билеп, ұстаздарға алғыстарын білдірді.


24.05.2024 Астана қаласы Ә.Бөкейхан атындағы 76 мектеп -лицейінің география пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Шаяхметова Қарлыға Іңкәрбекқызы жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі үлестері үшін
“Ы.Алтынсарин” төсбелгісімен марапатталды.

Ол бұған дейін ҚР білім саласының дамуына зор үлес қосқаны үшін ҚР “Үздік педагог-2018” атағының иегері, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері атанған.


23.05.2024 Астана қаласы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінде 2023-2024 оқу жылын қорытындылауға арналған «Білімім Отаныма» айдарымен бірыңғай тәрбие сағаты Рүстем жанарбекұлы- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінен және Астана қаласы Білім басқармасы “Астана дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы “Qabilet” кәсіби бағдарлау қызметі бөлімінің басшысы Карибеков Нұрперзент Жанабайұлының қатысуымен өтті.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұсынысымен аталған тақырыптағы жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағатының мақсаты - балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу.
Әнұранмен басталған сынып сағаттары ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың құттықтау сөзі бейнеқұттықтауымен ұштасты.
Бүгінгі оқушы, ертеңгі түлек мектеп қабырғасындағы балалық шақтан болашаққа қадамы жайында ой толғауын 9, 11-сыныптардың түлектері «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында эссе жазу арқылы жеткізді. Аталған маңызы ерекше, мазмұны терең іс-шара 4 б, 4 в сынып оқушыларының ата-аналарының қатысуымен сынып сағатымен жалғастырылды.
Мектеп-лицейдің директоры Сейдеш Ботагөз Болатбекқызы өзі басшылық ететін педагогикалық ұжымына, мектеп оқушыларына, қызметкерлеріне, ата-аналарға ризашылығын білдірді.


22.05.2024ж Ә.Бөкейхан атындағы 76 мектеп-лицейінде бітіруші түлектердің ұйымдастыруымен “Ата анаға тағзым” атты концерттік іс-шара өтті. Жыл сайын қайталанатын дәстүр жоғары деңгейде өтті. Ата-аналар ыстық ықыластарын білдіруімен аяқталды.


А


18.05.2024 Оқу жылы аяқталуы қарсаңында оқу- ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен кездесуге мектебіміздің "Алтын белгіге" үміткерлері - 11"ә" сынып оқушысы Бекенов Арыстанбек Омирзакович, 11"д" сынып оқушысы Серикова Адема Дархановна қатысты.
Министр мектеп бітірушілерге ақыл-кеңесін бере отырып, алдағы емтиханды тапсыруға сәттілік тіледі.


18.05.2024 Ұстаздар – тыншымайтын еңбеккерлер,
Жемісті жерге екпеген, елге еккендер,
Адамзат ұрпақтарын тәрбиелеп,
Зердесін болашақтың зерлі еткендер.
2023-2024 оқу жылында Астана қаласы бойынша дарынды балаларға арналған іс-шараларда белсенділік танытып, жетістікке жеткен 3-6 сынып оқушыларының ата-аналарына алғыс білдіреміз!


17.05.2024 мектеп- лицейімізде көптен күткен «Ел ертеңі-жалынды жастар» атты жұлдыздар шеруі өтті. Мақсаты: 2023-2024 оқу жылында Халықаралық, Республикалық, қалалық пән олимпиадаларында және спорт, өнер саласында үздік нәтижеге көрсеткен оқушыларды марапаттау, ынталандыру. Шара барысында 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша түрлі сайыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, додаларда оза шауып бәйге алған оқушылар қошеметке бөленіп, марапаттарға ие болды. Жұлдыз деп таңғажайып дарындылыққа ие болған оқушыларды айтамыз. Олар жан-жағына жарық шашып,мектебіміздің мәртебесін көтеріп, қуанта білген оқушылар. Мектебіміздің мәртебесін өсіріп, мерейін үстем еткен барша оқушыларға алғысымызды білдіремі


17.05.2024 ж. күні Ә.Бөкейхан атындағы 76 мектеп-лицейінде мектеп басшысы Сейдеш Б.Б. оқушылармен бірге асхана қызметкерлері мен кіші қызметкерлерді жыл бойы адал атқарған еңбектерін бағалап “Алғыс хат” берді. Оқушыларда ыстық ықыластарын білдірді.


16.05.2024 ж. күні Ә.Бөкейхан атындағы 76 мектеп-лицейінде “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында құндылықтарға бағытталған “Отбасы тәрбиесіндегі әке тәрбиесінің рөлі” атты Әлихан мұрагерлерінің әкелерімен кездесу өтті. Спикерлер қазақстандық сполртшы Ардақ Назар, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Тәрбие теориясы және әдістемесі орталығының директоры Танирбергенова Анар Шынболатовна, Астана қаласының полиция депараментінің Криминалдық полиция басқармасының бастығы
Полиция полковнигі Қалиев Дастан Ғабдурахимұлы, Қазақстан журналисттер одағының мүшесі, журналист, өнертанушы, Қамқоршылық Кеңес мүшесі Жасұлан Наурызбайұлы әртүрлі тақырыптарда дәріс оқыды. Мектеп директоры Сейдеш Б.Б. Әлихан мұрагерлерінің әкелеріне мектептегі тәртіп, түнгі уақыттағы жүріс, жол ережесі, жазғы лагерь жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ЕЛОРДАЛЫҚ ОТБАСЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ЕҢ ТАНЫМАЛ
*«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ»* ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛҒАНЫН ХАБАРЛАЙДЫ

ЕҢ ҮЛГІЛІ, ЕҢ БЕЛСЕНДІ, ЕҢ ТАТУ,ЕҢ ӨНЕРЛІ ДЕ ДАРЫНДЫ ОТБАСЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ *6 ОРЫНҒА* БАҚ СЫНАСАДЫ

*БАС ЖҮЛДЕГЕ - 1 000 000 ТЕҢГЕ*
ҮЗДІК 5 ОТБАСЫҒА - 500 000 ТЕҢГЕДЕН ҚАРЖЫЛАЙ СЫЙАҚЫ ТАБЫСТАЛАДЫ

ӨТІНІМДЕРДІ *2024 ЖЫЛДЫҢ 15 МАМЫР - 15 МАУСЫМ* АРАЛЫҒЫНДА (MEREYLI.OTBASY2024@MAIL.RU) ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАСЫНА ЖОЛДАУ ҚАЖЕТ

ТОЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ТӨМЕНДЕГІ НӨМІРЛЕРІ АРҚЫЛЫ БІЛЕ АЛАСЫЗДАР
8 702 202 00 77
8 701 111 13 46
8 7172 55 67 08

ҚАТЫСЫҢЫЗДАР, ЖЕҢІМПАЗ АТАНЫҢЫЗДАР! Конкурсқа қатысу үшін электрондық нұсқада мына құжаттарды тапсыру қажет:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін - жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);
7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) (бар болса) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;
9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қажетті құжаттарды (pdf форматында) 15 маусымға дейін mereyli.otbasy2024@mail.ru элекронды поштаға тапсыру қажет.


Балаларды қауіптен қорғаңыз,терезе


Ата-аналарға арналған жадынама!


09.05.2024 жылы Ә.Бөкейхан атында №76 мектеп-лицей ұжымы соғыс ардагері Каженов Каппас атамызды жеңіс күнімен құттықтап қайтты. Ардагермен сөйлесу барысында оқушылармен кездестіру ұсынылды.


04.05.2024 Ә.Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінде санитарлық тазарту, әрлеу, ағаш егу, абаттандыру және көгалдандыру мақсатында «Өнегелі ұрпақ» тақырыбымен басталған шара аясында көшет отырғызу арқылы қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды дәріптеумен қатар, еңбек құндылығын қалыптастыруға, айналаны көгалдандыруға, абаттандыруға мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар сенбілікке шықты.
Білім алушылардың бойында экологиялық мәдениетті дарытуға, табиғат пен қоршаған ортаны құрметтеуге, қоршаған ортаға ғана емес, адамдарға деген қамқорлық сезімін дамытуға бағытталған. Көшеттер отырғызу «мұғалім – білім алушы – ата-ана» үштігінің қарым-қатынасын нығайтуға көмектеседі. 


02.05.2024 Жетекші мектеп- Әлихан Бөкейхан атындағы № 76 мектеп – лицейімен №89 және №66 серіктес мектептердің бірлескен жұмыс аясында, 9 -сынып білім алушыларының арасында “ECO-STAR” эко - үстел ойыны өтті. Қазіргі таңда экология мәселелері, қоршаған ортаны қорғау әлемдік қоғамдастықта да, сондай - ақ Қазақстанда да жаһандық басымдылықтар алдыңғы орынға шығып отыр. Табиғатты қорғап, болашақ ұрпаққа жеткізу үшін білімді мектеп жасынан басталуы қажет. Сондықтан экологиялық білімді үздіксіз алуымыз қажет. Ойынның мақсаты: жас жеткіншектер арасында экологиялық білімді, экологиялық мәдениетті арттыру болып табылады.
Ойынның жеңімпаздары жүлделі І,ІІ орын иеленді. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз


30.04.2024ж. күні «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» қарсаңында мектебімізде сыныптан тыс шаралар ұйымдастырылды «Бірлік болмай тірлік болмас» деген дана халқымыз. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы — бірлік, ел іші — тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мерекенің орны ерекше. Мереке қарсаңында Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» ұйымына үздік, белсенді көшбасшы болған 4-сынып оқушыларын салтанатты түрде қабылдау іс-шарасы өтті.
Ұйымның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық,беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Мемлекеттік ту ортаға маршпен шығарылып, әнұран орындалып, «Жас Ұлан» ұйымының әні шырқалды. Оқушылардың «Ант» қабылдау сәті де бір ерекше көңіл-күймен өтті. «Жас ұланға» қабылдау рәсімін мектебіміздің «Жас қыран» ересектер тобы қабылдады.


26.04.2024 ж. Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейдің KITAPLAND алаңында 3 "Ғ" сынып оқушыларымен "Табиғатты аялайық" атты зияткерлік сайыс болып өтті. Оқушылар табиғат туралы "Кім шапшаң?" деген жаңылтпаш айту, "Ойлан тап" жұмбақ шешу, "Жалғасын тап" мақал-мәтелмен "Сен табиғат туралы не білесің?" викториналық сайыстарға белсене қатысып,өлең, тақпақтар айтып, табиғатты аялап жүруге уәде берді. Сайыстардан Жүнісбек Айару, Хурметбек Әмір, Мирхатұлы Нұрали, Алтай Ералы.т.б. оқушылар жүлделі орындар алды. Оқушыларға табиғат туралы мол мағлұмат берген сынып жетекшісі Женисова Мақпалға алғыс айтамыз.


25.04.2024 «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен "Әбіш оқулары" республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының қалалық кезеңінде Шығармашылық жұмыс бағыты бойынша Әшірбекова Алуа 1 орын иеленді!!! Жетекшісі: Берденова Шынаркул Кенжалиевна!!!✅ Ә. Кекілбаев шығармалары бойынша иллюстациялық сурет салу бағыты бойынша Бектаева Айзере 1 орын иеленді! Жетекшісі: Хайрат Акерке! Шын жүректен құттықтаймыз.


24.04.2024 «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «NURORDA» мектеп-лицейімен бірлесіп 2024 жылдың 20 сәуірінде 5-6 сынып оқушылары арасында «NURORDA Junior Olympiad» математикалық олимпиадасын өткізді. Нәтижесінде ✅6 сынып оқушысы Сайпов Наби Бақытжанұлы 1️⃣ орын. Жетекшісі: Сугирова Айман Жубанышовна, ✅ 6 сынып оқушысы Құмар Рамазан 1️⃣ орын, Жетекшісі: Ахметбекова Алтинай Юлдашевна,✅ 6 сынып оқушысы Нашын Нурали 2️⃣ орын, Жетекшісі: Омарова Динара Маратовна. ✅ 5 сынып оқушысы Орумбек Гауһар 3️⃣ орын! Жетекшісі: Шалабаева Рая Кабдуловна! Шын жүректен құттықтаймыз


22.04.25 «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Республикалық М. Мақатаев оқулары қалалық кезеңі, ‘Көкірегімде жыр сәулесі маздайды …’ номинациясы бойынша Қайратұлы Абылай, БАС ЖҮЛДЕМЕН Республикалық кезеңге жолдама алды! Сәттілік Жетекшісі: Уткелбаева Гульмира Калжатаевна! Шын жүректен құттықтаймыз


22.04.24 «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Республикалық М. Мақатаев оқулары қалалық кезеңі, ‘Көкірегімде жыр сәулесі маздайды …’ номинациясы бойынша Қайратұлы Абылай, БАС ЖҮЛДЕМЕН Республикалық кезеңге жолдама алды! Сәттілік Жетекшісі: Уткелбаева Гульмира Калжатаевна! Шын жүректен құттықтаймыз!


21.04.24 Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығың ұйымдастырылуымен Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde-2024» I Республикалық робототехника фестивалінің  қалалық кезеңінде "Шығармашылық" бағыты бойынша Мұңайтпас Диас және Толегенов Дастан 3 орын! Жетекшісі: Ахметов Уалихан Пернебайұлы! Шын жүректен құттықтаймыз.


18.04.24 Астана қаласының оқушылары арасында Астана қаласы Білім басқармасы мен әдістемелік орталығының қолдауымен №43 қосымша білім беру мектеп орталығында «Ұлы даланың ұлы тұлғалар мұралары» атты республикалық конференция өтті. Осы конференцияда Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Жаңабергенова ГүлжиҺан Аркадийқызы озық әс-тәжірибесімен бөлісті.


18.04.24 XVII “Шаттық-2024 “ қалалық байқауы:
“Тік-ток” жанры бойынша 6”Ғ” сынып оқушысы Ақшайықов Алижан Дипломмен марапатталды.
Жетекшісі: Д. Касимова
Құттықтаймыз!


17.04.24 ЖЕТЕКШІ ЖӘНЕ СЕРІКТЕС МЕКТЕПТЕРЖелілік қауымдастық жұмыс жоспары аясында 08-19 сәуір күндері аралығында Дулат Бабатайұлы атындағы №89 мектеп-лицей қабырғасында “QUIZ TIME” интеллектуалдық сайыс өтті. Сайысқа Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейі, 89 мектеп-лицейі, 66 мектеп-лицейі командалары қатысты. МИФ апталығы аясында қалалық 10 - сыныптар арасында өткен бұл тартымды достық сайыста қатысушылар дипломдармен марапатталды. «QUIZ TIME» сайысында оқушылардың интеллектуалдық және терең білімдерін шыңдауға арналған «Инфо әлемі», «Шазам», «Ойындар» және «Программалау» кезеңдері сәтті ұйымдастырылды. Мектеп ұжымына және информатика бірлестігіне алғысымызды білдіреміз. Алд


16.04.24 XVII “Шаттық-2024 “ қалалық байқауы:
-Жаңаберген Санжар “Фотосурет” жанры бойынша Диплом. Жетекшісі: Д. Касимова Қонысбек Мейіржан
-”3D модельдеу” жанры бойынша Диплом. Жетекшісі: Г.Кулшыманова


15.04.25 ҚР Оқу ағарту министрлігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы #514 бұйрығына сүйене отырып," Akberen Education "- Ақберен республикалық танымдық - шығармашылық журналы ұйымдастырған ақпан айындағы Республикалық "Абай оқулары" конкурсына қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болғаны үшін
Сәрсенбек Ақтөре Мақсатұлы
2"А" сынып оқушысы


13.04.24 “Астана дарыны”дарынды балалар мен талантты жастарды аныктау жене колдау орталығының ұйымдастуымен өткен “Қаныш Сәтбаев және Қазақстан ғылымы” қалалық ғылыми жоба байқауының нәтижесі: «Қаныш Сәтбаев мұрасы» бағыты бойынша Ерланқызы Назерке орын! Жетекшісі: Қымбат Бодықовна! ” Қаныш және жаратылыстану ғылымы “ бағыты бойынша Нұрлыбекқызы Медина - ГРАМОТА !Жетекшісі: Ажикабулова Айназ! Шын жүректен құттықтаймыз.


07.04.24 "Ғылым салаларын дамыту үшін әуелі ғалымға жағдай жасау керек "

(c) Қасым-Жомарт Тоқаев


06.04.24ж Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында өткен STEAM фестивалінде 6”З” сынып оқушысы Мұңайтпас Диас, Баламалы энергия тақырыбында өз жобасын қорғап ІІ орын иеленді. Жетекшісі: Касимова Д.А.
”BILIM SHYNY “ техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың қалалық чемпионаты аясында өткен 6”З” сынып оқушысы Тұрғынбек Мейіржан Сарқырама атты жобасын ұсынып
ІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Рахметолла А.Т.
9”Ж” сынып оқушысы Қонысбек Мейіржан Робот шаңсорғыш жобалық жұмысын көрсетіп қорғап шығып ІІ орын Жетекшісі: Сман А .Б.
10 “В” сынып оқушылары Болат Дилназ және Наурыз Алтынай Ақылды суару тақырыбында өз жобаларын көрсетіп І орын иеленді. Жетекшісі: Ахметов У.П.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып шығармашылық табыс тілейміз!


06.04.24


05.04.24 Бүгін Халықаралық балалар кітап күніне орай Әлихан Бөкейхан атындағы 76 мектеп-лицейдің KITAPLAND алаңында 5 "В"сынып оқушыларымен "8 минуттық оқу" жобасы аясында "Ер Төстік" ертегісі бойынша role play болып өтті. Оқушылар "Ер Төстік" ертегісін сынып болып оқып, талдап, саханалық көрініс көрсетті. Оқушылар Ер Төстіктей батыр, ақылды, болуға ұмтылатындарын, ағайындарын, достарын, халықты береке-бірлікке шақыратындарын айтты. Ер Төстіктің бейнесінде - Керімжан Абдуали, әкесі Ерназар - Елеусін Жантөре, ағалары - Қази Али, Әмірбек Ералы, Жаңаберген Сұңғат, Төлеген Санжар, Нурпеисов Алишер ойнаса, Кенжекейдің бейнесін Бөлеген Айша, Ер Төсіктің анасының бейнесінде Құрмет Лаура және жеңгелерінің бейнесінде Ербусинова Кәусар, Қойшыбай Айдана, Еркінова Фатима, Гарипуллинова Анель ойнап шықты. ЕрТөстіктің күн сайын,ай сайын өсіп, батыр тұлғалы қолына садақ ұстаған азамат болып,мақсат-мұратына жеткенін Керімжан Абдуали нақышына келтіріп орындады.Кабентаева Амалия өзінің ертегі туралы әсерін сурет салу арқылы жеткізді. Оқушыларға "Ер Төстік" ертегісін сынып болып оқуға мүмкіндік жасап, кітапты алып беріп отырған ата-аналарымызға және кітап оқуға баулып отырған сынып жетекшісі Садыкова Алина Қайратқызына алғыс айтамыз.


02.04.24 сәуір күні әлем бойынша көк жарық жағылады. Неліктен көк түс? Бұл түсті таңдау немен байланысты? Себебі, статистика бойвнша қыз балаға қарағанда ұл балаларда 5 есе жиі кездеседі. Соңғы жылдары “Көк түспен жаныңыз!” (Light It Up Blue) науқаны кең көлемде танымдыққа ие болды
Бүгін “Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күніне” арнап Әлихан Бөкейхан атындағы N76 мектеп лицейда ПМПК N4 директоры Мариям Курмашовна мен психолог Евгения Александровна бірігіп мұғалімдер мен ата-аналарға “Мені сөзсіз сүй” тақырыбында семинар өткізді


1-сыныпқа балаларды қабылдау туралы ақпарат
1 сәуірден бастап балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініштер қабылданады және қабылдау 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен енгізілген өзгерістерге сәйкес 2024 жылдан бастап құжаттарды қабылдау мерзімі күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін ұзартылды.
Бірінші сыныпқа алты жастан бастап және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын, даярлық деңгейіне қарамастан мектеп аумағында тұратын балалар қабылданады.
ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші;
 өлшемі 3х4 см баланың суреті (2 дана);
 «Бала денсаулығының паспорты» 052-2/у нысанды анықтама. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, биылғы жылдан бастап «Бала денсаулығының паспорты» ақылы түрде сатып алудың қажеті жоқ. Баланың денсаулық паспортын баланың тіркелген жері бойынша емханалар мөрі бар анықтама түрінде тегін беретін болады.
Құжаттарды қағаз жүзінде тапсырған кезде баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты қосымша ұсыну қажет.
Ата-аналар құжаттарды www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе қағаз жүзінде тапсыра алады.
Құжаттар дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.


23 Наурыз күні сағат 10:00-де Астана қаласы Ә.Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінде «Тазалық эстафетасы» аясында Жала жыл жаңа мақсатпен, жаңа үмітпен «Тазару» жалпыұлттық экологиялық акциясы өтті.


15.04.24 Бүгін мектебімізде @76school_lyceum мұғалімдерді аттестаттау бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді. Бұл жиынға ұжымның барлық педагогы қатысты.
Аттестация өткізудің тәртібінде біраз өзгерістер бар екенін байқадық. Жағымды жақтары:
- осыған дейін аттестация өту жылына екі рет болса, енді жылына бір рет болады, яғни келер жылдың қыркүйек айында оқу жылын жаңа категориямен бастауға мүмкіндік;
- декреттік демалыстан келген аналар үшін, денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыз тұлғалар үшін де осыған дейін категориясы 1 жылға дейін сақталса, енді 2 жылға дейін сақталады;
- педагог жетістіктерінің саны артты, яғни білім саласы бойынша ғана емес, шығармашылық, спорттық жетістіктерімен де білімін шыңдай алады;
- мұғалім шеберлікпен сабақ өткізіп, жоғары деңгейде көрсете алса, 80% ұпай жинай алады.
Алда әлі де жақсы жаңалықтар күтеміз!


14.03.2024ж. «Наурыз шуағы» бірыңғай ауқымды іс-шараларды өткізу жоспарына сәйкес «Көрісу» күніне орай мектеп ауласына ұлттық киіз үй тігіліп, мектеп алды мерекеге ұласты. Мектеп директоры Ботагөз Болатбековна «Амал мерекесінің» мәнін айта отырып, Абыз ата (дене шынықтыру пәні мұғалімі Даривхан Лаукел ағай) бата беріп, тілек айтты. 10-11 сыныптың ұл-қыздары ұлттық «Қара жорға», «Ләйлім шырақ, «Құдаша» билерін биледі. «Ұлы Дала тарланы» ұлттық спорт түрлерінен, «Асық ату». Арқан тартыс. Кір көтеру» жарыстары өтті. Соңынан ыстық бауырсақпен шай ішіп тарасты. Мереке өте көңілді, ықыласқа толы өтті.


11.03.24 Алтын түлек” олимпиадасының республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша мектебіміздің 10 сынып оқушысы Еркін Мерей жүлделі 1 орын иеленді. 11 сынып оқушысы
Бекенов Арыстанбек грамотамен марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз
Жетекшісі: Амирханова Бакыткуль Тунгишбаевна


05.03.2024. күні мектебімізде саясаткер, публицист, мемлекеттік және қоғам қайраткері, ұлт көсемі Алаш партиясының негізін қалаушылардың бірі Әлихан Нұрмұханбетұлы Бөкейхановтың туғанына 158 жыл толуына орай іс-шара ұйымдастырылды. Қаламгерлер аллеясындағы «Алаштықтар ескерткішіне» алаш қайраткерлері мен мектебіміздің оқушылары және ұстаздары гүл шоқтарын қоюдан бастады. Одан кейін “Рухқа тағзым” атты сұхбат-кездесумен жалғасын тапты


04.03.24 информатика пән бірлестігінің ұйымдастыруымен *”TEZTAP қазақша quiz”* мұғалімдер арасында командалық сайысы ұйымдастырылды.
Сайыс “БІЛІМ”, “ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ”,”КІМ ШАПШАҢ” кезеңдеріне бөлінді.
Сайысқа 10 топ, әр топта 3 адамнан қатысты. Әр кезеңде мектеп өміріне байланысты әртүрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар берілді. Әділ қазылар алқасы тапсырмалардың дұрыстығы, шапшаңдығын ескере отырып, критерий бойынша бағалады. Сайыс нәтижесі бойынша:
География ӘБ: *”Эрудит*”- Бас жүлде

Орыс ӘБ : *Филолобогини*-І орын

Эстетика ӘБ: -ІІ орын;
4) ІІІ орынды: Математика ӘБ: *Әлімхан Ермеков тобы* ;
Физика ӘБ: *Энергия тобы*

Номинациялар бойынша:
Бастауыш ӘБ: *Шеберлер*
Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ: *Тапқырлар*
Химия-биология ӘБ: *Cool team *Шапшаңдар*
Тарих ӘБ: *Алтын қалам шеберлер*
Ағылшын тілі ӘБ: “*Quick brains*” -*”Ойшылдар*”


03.04.24 Құрметті Əлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінің оқушылары мен мұғалімдері!
Сіздерге мектебімізде "Baking club" ашылғаны жайлы жариялаймыз!Клубтың мақсаты:Оқушылар арасында ынтымастық атмосферасын қалыптастыру,хобби көкжиегін кеңейту.Клуб мүшелері кездесуінде аптасына бір рет əртүрлі тәттілер пісірілетін болады.Клуб президенті: Елеусін Мадина.Болашақта "Baking Club" мектепте өтетін қайырымдылық жәрмеңкелеріне белсенді қатысып, түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалатын болады.Кез-келген сынып оқушысы клуб мүшесі атана алады,ол үшін постердағы QR кодты сканерлеп, сауалнаманы толтыру керек. Baking Club-қа қосыл!


02.03.24 Қалалық іс-шара: 8-наурыз мерекесіне орай Махамбет Өтемісұлы атындағы сарайда ауқымды концерттік шара өтті.
✅Іс-шараға оқушылардың аналары шақырылды.
✅”Көктемгі симфония” балы
✅Біздің мектептен: Нурманова Фатима мен Курбанов Нұрасыл бал - биіне қатысты.
✅ Іс-шара соңында оқушылар аналарын биге шақырды.


01.03.24 Балалар мен жасөспірімдер арасында өткен «ASTANA-ART-FEST» шығармашылық байқауында мектебіміздің 2-4 сынып оқушыларынан құрылған «Елік-ай» тобы І орын және 1-сынып оқушыларынан құрылған «Алақай» тобы жүлделі ІІ орындарды иеленіп, жетекшісі Асан Рәйлә Тәжібекқызы ұйымның «Үздік ұстаз» төсбелгісімен марапатталды. Әріптесімізге еңбегіңіз еселене берсін демекпіз.


29.02.24 Әлихан және Алаш зияткерлік үстел ойыны Астана қаласы әкімдігінің “Астана дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп лицейімен бірлесе “Әлихан және Алаш” қалалық зияткерлік үстел ойынын ұйымдастырды. Ойынның мақсаты: мектеп оқушыларына Ұлт көсемі, мемлекет қайраткері Әлихан Бөкйехан және Алаш қайраткерлерінің тарихи ерліктерін насихаттау, тәуелсіздік жолында қызмет еткен тарихи тұлғаларға деген құрметті дәріптеу. Аталған ойынның идеясы мен авторы қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Досанова Еркеназ Амантайқызы. Әлихан бабамыздың туған күніне орай дәстүрлі өтіп жатқан бұл іс-шараға Астана қаласының 60-тан астам білім беру мекемелерінен 8-10 сынып аралығындағы оқушылар қатысты.Ойынның жеңімпаздары бас жүлде және 1, 2, 3 орын иеленді, сонымен қатар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!


28.02.204ж. күні Ә. Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінде
«ҰРПАҚ. ҚҰНДЫЛЫҚ. ӘЛЕМ» атты қалалық семинары өтті.
Келген қонақтарды мектебіміздің бастауыш, орта буыннан құрылған «Жас орда», «Әдемі-ай» тобының «Ерке сылқым», «Адай», «Әке толғауы», «Түркімен», «Балбырауын», «Көк ту» күйлерімен және «Қазақтай ел қайда?», «Қалқатай дауысы», «Беу, айдай» әндерімен қарсы алды. Семинарда:
• «Әлихан мұрагерлері» студиясы өзінің кезекті жұмысын бастап, бүгінгі болатын жаңалықтарымен тікелей эфир жүргізіп бөлісті.
• Мектеп мұражайында «Әлихан және рухани серпін» тақырыбында қонақтарға таныстыру жұмысы жүргізіліп, «Fab Lab» дәлізінде «Қолөнер арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу» жұмысымен жалғасын тапты.
• Мектептің әр блогында оқушыға арналған құндылықтарға бағытталған көрмелер ұйымдастырылды.
• Екінші қабатта мектебіміздің ата-анасы Аңсаған Мұстафаның сурет көрмесімен ұласты.
• Семинардың ашылу салтанатын Республикалық әншілер байқауларының лауреаты, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Шалқар радиосының аға редакторы, әнші, журналист Базарбек Жасұлан Наурызбайұлы семинар тізгінін алып жүргізіп отырса, «Қара шаңырақ «ҚБ директоры, этнология магистрі, ҚР журналистер одағының мүшесі, қоғам қайраткері Шәкен Тұрар Сәттарқызы, Оңтүстік Кореяның суретшілер одағының мүшесі, Аңсаған Мұстафа келіп рух сабағын жүргізді.


27.02.24 Анимациялар жарысы.


26.07.24 Педагогикалық идеялар әлемі”* пәндер апталығының аясында *“Цифрлық әлемге – кемел біліммен”* тақырыбында *информатика пәнінің* онкүндігі басталды​
*Мақсаты:* Заманауи интеллектуалды, шығармашыл тұлға қалыптастыру.
І қабатта Роботтар оқушыларға өнер көрсетіп, мұғалімдерге, оқушыларға әр түрлі бөлімшеден тұратын интеллектуалды ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар таратылды.


26.02.24 Оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында үздік компаниялардың *IT саласының эксперттері: Бақтығали Бейбіт,Габдрахимов Гиният, Әміргалиев Ернар* оқушыларға мамандық таңдаудың қыр-сырлары туралы ақпарат беруде өз өмірінде болған қызықты оқиғалармен байланыстыра отырып , сұрақ-жауап барысында тиімді кері байланыс берді.
Іс-шараны ұйымдастыруға ат салысқан *10-11-сынып оқушыларына* алғыс білдіреміз.

.


14.02.2024ж. Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейдің "KITAPLAND" алаңында 9 сынып оқушыларымен биология апталығына орай «Science Fair» атты ғылыми жобалар шеруі болып өтті. Оқушылар биология пәнінен алған білімдерін ғылыммен ұштастырып, биология әлемінің ғажайыптарына көз жеткізу үшін Дабыл Нурия мен Нурадинова Диана адам өкпесінің макетін жасап, адам денесінің таңғажайып құрылысына зерттеу жасаса, Ернес Алина мен Темирбулатова Айзере "Лава Лампа" эксперимент көрсеткенде оқушылардың еріксіз қызығып қарауына әсер етті,
ал, Нурманова Фатима табиғаттағы әр тірі ағзада кездесетін макромолекула-ДНҚ ны көзге көрінетін физикалық дене түрінде мандариннен қалай алып шығу туралы эксперимент көрсетсе, Айтжанова мен Ибрайқызы Алима қант,су, бояу қосып"кемпірқосақ су" экспериментін жасап таң қалдырды. Биологиялық жобалар шеруінің өтуіне орасан зор үлес қосқан 9 "Ғ" сынып оқушылары мен оқушылардың алған білімдерін тәжірибе жасату арқылы шыңдай білген биология пәнінің мұғалімі Сейтимбетова Ботакоз Абиловнаға алғыс айтамыз!




11.02.2024 ата-агна және оқушыларға арналған ескертпе кеңестер.


Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды


Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейдің “KITAPLAND” алаңында 10 сынып оқушыларымен Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу болып өтті. Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері Бахтыбаев Нұржан Қамбарұлы мен Қуанышқалиев Абиль Рухаллович қатысып, Ауған соғысында көрсеткен ерліктері туралы айтып, оқушыларды Отанын сүюге, батырлыққа, ерлікке шақырды. Оқушылар өздерінің қызықтырған сұрақтарына жауап алып, “9 рота” атты кинодағы көріністі көздерімен көргендей әсер алды. Нұржан ағаларымен автомат құраудан шеберліктерін көрсетті. Оқушылар риза болып кешті ардагерлермен бірігіп “Атамекен” әнімен аяқтады. Оқушыларға әскери - патриоттық тәрбие берген алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағының оқытушысы Смагулов Мухтарбек Толеубековичке алғысымызды айтамыз.