76 TALKS

Басты бетке

 

 

                             
03.02.2022 ж Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейде 7 сыныптар арасында «76 TALKS» танымдық жобасы бастауын алды.
Жалпы жобаның мақсаты:
🎨-оқушылардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру;
🎨-кәсіптік және адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді оқуға, оларды өндірістік және қоғамдық іс әрекеттерде іске асыруға тәрбиелеу.
🎨 -Өзіндік ой-санасын дамытуға жағдай жасау. Жоба 2 кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде параллель сыныптар жеребе тарту арқылы тақырыптарды таңдайды. Келесі кезеңде сыныптар таңдалған тақырыптары бойынша өз жобаларын қорғайды. Жобаға дайындалу кезеңі 03.02-09.02.2020ж аралығын қамтиды. Сыныптарды бағалау критерийі креативтілікке, тақырыптың ашылуына және тәрбиелік мәніне байланысты болады. Қатысушы сыныптарға сәттілік!