1-сыныпқа балаларды қабылдау туралы ақпарат
- 1 сәуірден бастап балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініштер қабылданады және қабылдау 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен енгізілген өзгерістерге сәйкес 2024 жылдан бастап құжаттарды қабылдау мерзімі күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін ұзартылды.
- Бірінші сыныпқа алты жастан бастап және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын, даярлық деңгейіне қарамастан мектеп аумағында тұратын балалар қабылданады.
- ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші;
- өлшемі 3х4 см баланың суреті (2 дана);
- «Бала денсаулығының паспорты» 052-2/у нысанды анықтама. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, биылғы жылдан бастап «Бала денсаулығының паспорты» ақылы түрде сатып алудың қажеті жоқ. Баланың денсаулық паспортын баланың тіркелген жері бойынша емханалар мөрі бар анықтама түрінде тегін беретін болады.
- Құжаттарды қағаз жүзінде тапсырған кезде баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты қосымша ұсыну қажет.
- Ата-аналар құжаттарды www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе қағаз жүзінде тапсыра алады.
- Құжаттар дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.