
☀️ КҮНШУАҚ – 7 КҮН | 11 маусым
📅 Бүгінгі жарқын күніміз қалай өтті?
👧🧒 08:30–09:00 — Балаларды жылы жүзбен қарсы алдық. Әр бала шаттана кіріп, достарымен қауышты!
🤸♂️ 09:00–09:20 — Бой жазу жаттығулары! Қимыл-қозғалыс, сергектік пен көтеріңкі көңіл күй! 💪🕺💃
📚 09:20–10:00 — «Оқиық та, тоқиық» атты топтық жарыстарда балалар білімдерін сынап, бірігіп жұмыс істеудің маңызын ұқты! 📖🏆
🏛️ 10:00–13:00 — Ең ерекше сәт — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи мұражайына экскурсия! Балалар әскери киімдер мен тарихи жәдігерлерді көріп, таңдай қақты!
🍲 13:00–14:00 — Түскі ас! Дәмді, қуатты, пайдалы! Балалар мәз-мейрам! 😋
💬 Бүгінгі күн — тарихқа деген құрмет пен достықтың күні болды!