☀️ КҮНШУАҚ – 7 КҮН | 11 маусым
📅 Бүгінгі жарқын күніміз қалай өтті?

👧 08:30–09:00 — Балаларды жылы жүзбен қарсы алдық. Әр бала шаттана кіріп, достарымен қауышты!

🤸‍♂️ 09:00–09:20 — Бой жазу жаттығулары! Қимыл-қозғалыс, сергектік пен көтеріңкі көңіл күй! 💪💃

📚 09:20–10:00 — «Оқиық та, тоқиық» атты топтық жарыстарда балалар білімдерін сынап, бірігіп жұмыс істеудің маңызын ұқты! 📖🏆🤝

10:00–13:00 — Ең ерекше сәт — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи мұражайына экскурсия! Балалар әскери киімдер мен тарихи жәдігерлерді көріп, таңдай қақты!

🍲 13:00–14:00 — Түскі ас! Дәмді, қуатты, пайдалы! Балалар мәз-мейрам! 😋🍞

💬 Бүгінгі күн — тарихқа деген құрмет пен достықтың күні болды!