
Апталықтың мақсаты – оқушылардың жасанды интеллектке қатысты білімін кеңейтіп, ІТ саласына қызығушылығын арттыру.
Ашылу салтанатында мектеп фойесінде ұйымдастырылған «Ыстық батырмалар», «Құпия шарлар», «Экран ойындары – Білесің бе, тауып көр!» сынды танымдық ойындар оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Сонымен қатар, «Цифрлық әлемге қадам» атты ашық сұхбатта Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің доценті Кариева Калия Утеповна және ІТ аналитик Тимур Бектұр оқушылармен кездесті. Қонақтар мамандықтары жайлы бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу оқушыларға болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беріп, зор әсер қалдырды.
Кездесу оқушыларға болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беріп, зор әсер қалдырды.