
"Балақайлар мектебі" есігін айқара ашты!
Ата-аналардың сұранысы бойынша мектепалды даярлықтың қысқа мерзімді бағдарламасын іске асыратын "Балақайлар мектебі" 1-кезеңі жұмысын бастады.
Бағдарламаның мақсаты - балаларды бастауыш мектепте оқуға дайындау;
физикалық, коммуникативтік, танымдық және зияткерлік, шығармашылық, зерттеушілік, әлеуметтік-эмоционалдық құзыреттіліктерді дамыту; баланың мектепте оқуға ынтасын қалыптастыру; баланың білім алуға деген қызығушылығы мен қалауын, ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас дағдысын дамыту.
📚 Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы МКҚК ұсынған бағдарлама бойынша жүргізілуде.
Ата-аналарға бағдарлама мазмұны, оқу-тәрбие жұмысының тәртібі және балалардың күн тәртібі туралы ақпарат берілді.
"Балақайлар мектебі" баланың мектепте өзін жайлы сезінуіне және сенімділігін нығайтуына айтарлықтай ықпал ете алады.
👫 Жас бүлдіршіндердің білім жолындағы алғашқы қадамдары құтты болсын!