03.06.2025 ж.
Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейі
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы
«Күншуақ» бастауыш сыныптардың, “КітапLike”, “Сарыжайлау” жазғы мезгілдегі сауықтыру лагері.

☀️ Күншуақ лагерінде тағы бір ерекше күн артта қалды!
Бүгін Космос пен Бәйтерек топтары үшін таным мен қызыққа толы сәттерге бай күн болды!
🕣 08:30 – 09:00 — Балаларымызды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алдық. Әрбір баланың жүзінен қуаныш пен белсенділік байқалды.
🤸‍♂️ 09:00 – 09:20 — Таңғы бой жазу жаттығулары көңіл-күйді одан әрі жақсарта түсті. Балалар бірге қимылдап, сергек әрі қуатты күйге енді.
🧠 09:20 – 10:00 — «Денсаулық — зор байлық» тақырыбында әңгімелесу өткіздік. Балалар пайдалы әдеттер мен дұрыс тамақтану туралы ойларымен бөлісіп, бір-біріне үлгі боларлық кеңестер айтты.
🏛 10:00 – 13:00 — Ең әсерлі сәт: Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне саяхат!
🔹 Космос тобы археология, ежелгі тарих залдарындағы жәдігерлерге ерекше қызығушылық танытты. Кей балалар алтын адамның дулығасын көріп, “мен болашақта тарихшы бол