🎉 Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған танымдық экскурсия!
Балаларды қорғау күніне орай №76 мектеп-лицейі мен ювеналды полиция бөлімшесінің бірлесіп ұйымдастыруымен оқушылар үшін ерекше танымдық экскурсия өткізілді.
Оқушылар арнайы автобуспен елордамыздың көрнекті орындарын аралап, тарихы терең нысандар туралы мол мағлұмат алды. Гидтің сүйемелдеуімен олар:
Елордадағы еңселі Бас мешітті,
Көнеден сыр шертетін Ескі қаланы,
Атырау көпірін,
Символға айналған Бәйтерек монументін,
Пирамида (Бейбітшілік және келісім сарайын),
Ұлттық мұражайды,
Сондай-ақ Астана қаласының даму тарихын тамашалап, тың мәліметтерге қанықты.
Гид 1991 жылдан басталған Ақмоланың Астанаға айналу тарихы, қаланың 27 жылдық даму жолы және 6 шілде — Астана күні туралы қызықты ақпараттармен бөлісті.
Экскурсия оқушылар үшін мазмұнды әрі әсерлі өтті. Олар туған қаласының өткені мен бүгіні жайлы тың мәліметтер алып, ерекше көңіл күймен оралды. 🌆🚌📚