Бүгін біздің білім ордамызда ерекше көтеріңкі көңіл күйге толы "Үздіктер шеруі" өтті! Бұл – жыл бойы үздік оқыған және пәндік олимпиадаларда озық көрсеткіштерге жеткен дарынды оқушылардың еңбегі мен табысын лайықты бағалау сәті еді.
🏅 Биылғы шеруде мектептің озық ойлы, түрлі байқаулардың жеңімпаздары «Мақтау қағазымен» марапатталды.
📚 Бұл жетістіктер — оқушыларымыздың тынымсыз еңбегі мен ұстаздарымыздың жемісті еңбегінің айқын дәлелі.
✨ Шара барысында әсерлі көріністер, ән мен би, жүрек тебірентер сәттер орын алып, әр қатысушы жарқын әсерге бөленді.
Барша үздіктерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер – біздің мақтанышымыз, болашақтың жарқын тұлғалары!
Алда әлі де биік белестер мен жаңа жеңістеріңіз көп болсын! 💫