
76 мектеп-лицейінде информатика пән бірлестігінің апталығында 6-сынып оқушылары арасында сыныптан тыс танымдық іс-шара – “Сиқырлы шаңырақ” тақырыбындағы байқау мектеп кітапханасында өтті. Бұл шараның басты мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, сондай-ақ информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру болды.
Іс-шараны информатика пәні мұғалімдері Касимова Д.А., Қабылқайт Ғ., Данияров Н.М. ұйымдастырды. Байқау үш кезеңнен тұрды:
1. “Сиқырлы шаңырақта” жасырынған сұрақтарға жауап – бұл кезеңде оқушыларға информатика пәніне байланысты түрлі танымдық сұрақтар ұсынылып, олар тапқырлық пен білімдерін көрсете білді.
2. “Өнеріңді ортаға сал” – шығармашылық кезеңде қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, ән айта отырып дарындылықтарын көрсетті.
3. “Әркім еңбегіне қарай бағаланады” – соңғы кезеңде қатысушылардың барлық кезеңдердегі белсенділігі мен жинаған ұпайлары есептеліп, жеңімпаздар анықталды.
Іс-шара өте жоғары деңгейде өтті. Оқушылар белсенділік танытып, бір-бірімен жарыса білімдерін ортаға салды. Мұндай шаралар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына үлесі зор.