Жақында Жамбыл облысының Қордай ауданында бокстан КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ю.А.Цхай және КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері С.Қонақбаевтың жүлдесіне арналған 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында XXI халықаралық турнирі өтті.Трунирге Ресей,Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан спортшылары бақ сынады. Астана қаласы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінің 9 "Ж" сынып оқушысы Иса Жәңгір аталған трунирдің бас жүлдесін жеңіп алды.