02.06.2025 ж.
Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейі
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы
«Күншуақ» бастауыш сыныптардың жазғы мезгілдегі сауықтыру лагері, «Сарыжайлау» этно-лагері, «KітапLike» лагерлерінің жұмысы.
📚☀️ Бүгінгі күн "КІТАПLIKE" пен "САРЫЖАЙЛАУ" жазғы лагерінде қалай өтті? 🌼✨
Шаттыққа, шығармашылыққа, достыққа толы күн бізге ерекше көңіл күй сыйлады!

Балаларымыз шат-шадыман көңілмен лагерімізге келіп, күнді әдеттегідей сергітетін жаттығумен бастады. Әр топ – "Шаттық", "Достар", "Шуақ", "Zaman camp", "Level up" – сап түзеп, таңғы күнмен бірге оянып, жаңа қызықтарға дайын екенін көрсетті! 💪🌞

🎨 Бүгін балалар түрлі-түсті бормен сурет салып, өз армандарын, достықты, табиғатты асфальтқа бейнеледі. Кішкентай суретшілердің туындылары айналаны мейірім мен шаттыққа толтырды! 🖍🌈

🎲 Сонымен қатар, қызықты ойындар, білімге құштар сәттер мен өнерге толы мезеттер өтті. Әр топ өз дарынын көрсетіп, жаңа белестерге ұмтылды! 🎤📚

💛 Бүгінгі күн – шаттықтың, шығармашылықтың, жаңа достықтардың көрінісі болды! Алда бұдан да қызық күндер күтіп тұр. Күт, "КІТАПLIKE", күлімде, "САРЫЖАЙЛАУ"!