Балабақша тәбиеленушілерін мектепке дайындау бойынша педагогикалық «CABAQTACTYQ» жобасы аясында Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінде 15.04.2025 ж. «Ашық есік» күні өткізілді. 2023 жылғы 27 қыркүйектегі «Баршаға қолжетімді білім» Ұлттық баяндамасы жобасының Астана қаласы бойынша Жол картасын іске асыру және білім беру сапасын арттыру мақсатында құрылған мектептер мен балабақшалар арасында округтердің бөлінісі ескеріле отырып, ҚР ПІБ МО «Қарлығаш», Астана №15 «Дарын», №75 «Балалық шақ», №78 «Асыл» балабақшаларының тәрбиеленушілері мектепке келді. Білім беру ұйымына бейімделуін қалыптастыру және нығайту мақсатында мұражай, кітапхана, спорт зал, асханамен танысып, сынып кабинеттерінде танымдық, дидактикалық және зияткерлік ойындарға қатысып, мәжіліс залында мектеп оқушыларының өнерін тамашалады. Алдағы оқу жылында 1 сынып табалдырығын аттайтын шәкірттеріміздің қадамы құтты, болашағы жарқын болсын дейміз.